05 қыркүйек 2014 09:26

Қазақстан жастары Франция құрамасынан ойсырай ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан-Франция матчындағы эпизод. Vesti.kz© Қазақстан-Франция матчындағы эпизод. Vesti.kz©

2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы (21 жасқа дейінгі) Франция жастар құрамасынан ойсырай жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2015 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы (21 жасқа дейінгі) Франция жастар құрамасынан ойсырай жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Елордамыздағы "Астана-Арена" стадионында өткен кездесу 5:1 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. Француздар сапынан Яя Саного мен Лайвен Курзава дубль авторлары атанса, Морган Сансо бір допты еншісіне жазды. Ал Қазақстан құрамасының жалғыз добын 36-минутта "Шахтер" шабуылшысы Роман Мұртазаев соқты.

Осылайша футболдан Қазақстан жастар құрамы Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңін тоғыз ұпаймен аяқтады. Қазірше біздің құрама 10-топтағы бес команданың ішінде үшінші орында тұр. Ал барлық кездесулерінде жеңіске жетіп, 21 ұпай жинаған Франция құрамасы бірінші орында. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети