28 ақпан 2023 11:58

Қазақстан жылдың үздік футболшысын таңдауда кімге дауыс берді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев пен ұлттық құраманың капитаны Асхат Тағыберген FIFA нұсқасы бойынша жылдың үздік футболшысын анықтауда кімге дауыс бергені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Адиев ПСЖ және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиді үздік ойыншы деп таныған. Маман екінші орынға Франция құрамасы мен ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені, үшінші орынға "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модричті қойған.

Тағыберген де бірінші орынды Мессиге, үшінші орынды Модричке берген. Бірақ екінші орынға "Реалдағы" Карим Бенземаны қойған.

Номинация бойынша Месси жеңімпаз атанды. Аргентиналық футболшы өз мансабында үшінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы сыйлығын жеңіп алды. Бұған дейін форвард бұл марапатты 2009 және 2019 жылдары алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети