19 желтоқсан 2022 09:34

Қазақстанда тойда әлем чемпионатының кубогы "көтерілді"

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Танымал қазақстандық футболшы Нұралы Әліптің тойында әлем чемпионатының кубогы көтерілді, - деп хабарлайды Tengri Sport.


Танымал қазақстандық футболшы Нұралы Әліптің тойында әлем чемпионатының кубогы көтерілді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Танымал актер әрі шоумен Жандос Самалбеков Instagram-парақшасында қазақстандық футболшы, Санкт-Петербург "Зенитінің" қорғаушысы Нұралы Әліптің тойында түсірілген видеоны жариялады. Футболшының үйлену тойы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының финалына тұспа-тұс келген. Қонақтар тойда тікелей эфирді тамашалап, Аргентина құрамасының голдарын тойлаған.

Аргентина жеңісінен кейін залға футболдан әлем чемпионатының басты кубогының көшірмесі әкелінді, ал футболшы қонақтармен бірге оны көтеріп, жеңісті алаңдағы аргентиналықтардай тойлаған.

Еске салайық, бұған дейін Аргентина құрамасы үш дүркін әлем чемпионы атанғанын хабарлаған едік.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети