Қазақстандық жас футболшылардың Черногория құрамасын жеңген видеосы жарияланды

15 Маусым, 10:05
0
Қазақстандық жас футболшылардың Черногория құрамасын жеңген видеосы жарияланды - © КФФ
© КФФ

YouTube-те футболдан Қазақстан жастар құрамасының Еуро-2021 іріктеу кезеңінде Черногорияны жеңген ойынынан он минуттық шолу жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Алтыншы топтың ойыны 11 маусымда Подгорицада өтіп, 2:1 есебімен қонақтар пайдасына аяқталған. Қазақстандықтар үшінші минутта қақпасына бір доп жіберіп алып, екінші таймда 62-ші және 94-ші минуттарда гол соқты.

Қазақстан құрамасы үшін Черногорияға қарсы матч Еуро-2021 іріктеу кезеңіндегі екінші ойын болды. 

Қазақстан, Черногория және Фарералер тобында Испания, Израиль және Македония спортшылары өнер көрсетеді. 

Іріктеу кезеңі 2020 жылдың қазанында аяқталады, барлық топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған екі үздік команда Еуро-2021 ақтық кезеңіне жолдама алу үшін күресті жалғастырады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай