Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қожағапановтың екі лауазымды қатар атқаруына байланысты түсінік берілді

12 Қазан 2015, 12:24
0
Ерлан Қожағапанов. © Vesti.kz
Ерлан Қожағапанов. © Vesti.kz
© Tengrinews
© Tengrinews

Астанада Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

УЕФА ұстанымымен танысқан Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті бюро қабылдаған шешімдердің негізі бойынша  ҚФФ Президенті Ерлан Қожағапановтың екі лауазымды қатар атқаруына байланысты ешқандай кикілжіңнің жоқ екенін хабарлады.

Айта кетейік, Қожағапанов Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметіне 2014 жылдың желтоқсанында тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Әділбек Жақсыбеков атқарған болатын. Қожанғапов президенттік кәсіби спорт клубының басшысы қызметін 2015 жылдың 15 шілдесінен бері атқарып келеді. Кейін УЕФА ҚФФ президентінен "Астана" клубының ісіне араласпауды сұрады.

Биыл қыркүйек айының басында Қазақстан Президентінің 25 жастағы немересі Айсұлтан Назарбаев Ерлан Қожағапановтың "Астана" клубы мен ҚФФ-ға қатар басшылық етуі қызығушылық кикілжіңін тудыратынын айтты.

Отырыс барысында Қазақстан футболын дамытудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай