1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

ҚПЛ-дың 3-тур ойындары бір минут қол соғумен басталады

Фото: pflk.kz сайтынан Фото: pflk.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары отандастарымыздың денсаулығы үшін жан аямай, қауіпті індетпен күресіп жатқан барлық медицина қызметкеріне құрмет ретінде бір минут қол соғудан басталады, - деп хабарлайды лиганың ресми сайты.

"Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы, футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушы клубтар күнделікті өмірде аурулармен күресіп, өз денсаулықтарына қауіп төндіріп, адамдарға нағыз қорғаныш атанған медицина саласындағы барлық қызметкерге үлкен құрмет білдіреді.   

Оларға осындай қиын уақытта бүкіл әлемді жайлаған қауіпті вируспен күресуге тура келеді. Қазір барлық медицина қызметкері адамдар денсаулығы үшін үзіліссіз жұмыс жасап, үлкен жүктеме сезініп жүр.    

Отандық стадиондарда орналастырған #ДәрігерлергеРақмет, #СпасибоВрачам хештегтері - осы уақытта әлемдегі ең маңызды мамандыққа айналған медицина қызметкерлеріне біздің алғысымыз", - делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!