13 желтоқсан 2016 01:29

Криштиану Роналду "Алтын доп" жүлдесін төртінші мәрте жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Twitter.com/francefootball © Twitter.com/francefootball

"Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду France Football француз журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Реал" клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду France Football француз журналының жыл қорытындысы бойынша үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жүлдеге 30 футболшы таласқан болатын. Жеңімпаз спорт журналистерінің дауыс беруі арқылы таңдалды.

2016 жылы Роналду "Реал" сапында Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды, ал Португалия құрамасында Еуропа чемпионы атанды. 31 жастағы португал осымен төртінші мәрте "Алтын доп" жүлдесін алып отыр. Осыған дейін ол жүлдені 2008, 2013 және 2014 жылдары алған болатын.

Роналдудың өзі "Алтын доп" жеңімпазын жариялау салтанатына қатыса алмады. Қазіргі уақытта португал "Реал" сапында Жапонияға клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін барды.

Айта кетейік, 2010-2015 жылдар аралығында ФИФА мен France Football үздік ойыншыны ұлттық командалардың бапкерлері мен капитандарының, сондай-ақ журналистердің дауыс беруі арқылы бірігіп таңдаған. Жүлдені ұйымдастырумен ФИФА айналысқан еді.

Ал осы жылы ФИФА мен France Football арасындағы әріптестік аяқталды. Енді журнал өз жүлдесін жалғыз табыстайтын болды. Өз кезегінде ФИФА жыл қорытындысы бойынша үздік ойыншыны өзі атайды - енді жеңімпаз ұлттық құрамалардың бапкерлері мен капитандарының және интернеттегі жанкүйерлердің таңдауымен белгілі болады.

ФИФА-ның тұжырымы бойынша жеңімпаз 19 қаңтарда Цюрихтегі арнайы гала-кеште анықталады. Үміткерлердің үштігіне Роналду, Месси және Гризманн кірді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети