30 шілде 2022 17:13

Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" қатысты шешімін мәлімдеді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters. Фото: Reuters.

"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду испаниялық "Райо Вальеканоға" қарсы жолдастық кездесуде команда сапында ойнайтынын мәлімдеді. Бұл туралы "Р-Спорт" жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналду испаниялық "Райо Вальеканоға" қарсы жолдастық кездесуде команда сапында ойнайтынын мәлімдеді. Бұл туралы "Р-Спорт" жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

37 жастағы португалдық үш апталық үзілістен кейін, сейсенбіде "Манчестер Юнайтед" орналасқан жерге келді. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін есептелген. Бұған дейін БАҚ Роналду команданың Чемпиондар лигасына қатыспауына байланысты "Манчестер Юнайтедтен" кеткісі келетінін жазған болатын. Клуб ойыншымен келісімшартты мерзімінен бұрын үзуден бас тартты.

"Жексенбіде король ойынға қатысады", - деп жазды Роналду, сенбіде "Атлетикоға" қарсы матчке Ослоға барғандар тізімінде жоқ екені туралы Instagram-дағы хабарламаға пікір қалдырып. 

Роналду отбасылық проблемаларын алға тартып, "Манчестер Юнайтедтің" Таиланд пен Аустралиядағы маусым алдындағы турына қатыспаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети