20 қаңтар 2015 17:03

Криштиану Роналду өзіне жаңа құрбы тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©spletnik.ru ©spletnik.ru

Мадридтік "Реал" командасы мен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду клубтық телеарнаның тележүргізушісімен көңіл қосып жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы La Nueva Espana басылымына сілтеме жасап.


Мадридтік "Реал" командасы мен Португалия құрамасының футболшысы Криштиану Роналду клубтық телеарнаның тележүргізушісімен көңіл қосып жүр, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы La Nueva Espana басылымына сілтеме жасап.

Өткен демалыс күндері Ирина Шейктің өкілі Райан Браун ресейлік модель мен 2014 жылдың үздік футболшысының бесжылдық қарым-қатынасты үзгенін растады. БАҚ-тардың мәліметінше, жұп Шейктің футболшының анасының туған күніне орай ұйымдастырылған кешке барудан бас тартқандықтан айырылысып кеткен.  

БАҚ-тардың мәліметіне сенсек, Роналду уайым-қайғыға берілмей, назарын "Реал" клубының тележүргізушісіне аударған. Келесі күні "Алтын доп" жүлдесі табысталғанда Лусия Виллалон Instagram желісіндегі парақшасына Роналдумен бірге түскен суретін жариялады. 

Португал футболшысының жаңа сүйіктісі 26 жаста. Лусия Виллалон екі бірдей жоғарғы білімі бар - журналист және заңгер. Толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

"Реал" клубы телеарнасының баспасөз хатшысы осыған байланысты пікір беруден бас тартып, "Біздің арнада біз спорт жайлы айтамыз, ғашықтық жайлы емес", - деді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети