16 шілде 2016 13:39

Лионель Месси Түркияда өтетін қайырымдық матчына бармайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© readfootball.com © readfootball.com

Аргентиналық футболшы бүгін Анталия қаласында өтуі керек болған қайырымдылық матчына бармайтын болды, деп хабарлайды Reuters. Marca басылымының мәліметінше, Месси "Барселона" клубының бұрынғы ойыншысы Самуэль Это’О ұйымдастырған қайырымдылық матчына қатысуы тиіс болған.

Түркиядағы төңкеріс әрекеті кезінде, матчқа қатысуы тиіс болған "Барселона" бұрынғы атақты футболшылары Карлес Пуйоль мен Деку де сол елде жүр.

Gala Dinner Fundação Samuel Etoo!!!

Фото опубликовано Deco (@deco_official)

Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Түркияда мемлекеттік төңкеріс әрекетінен қаза тапқандар 90-ға жетті.

Анкара қаласында бүлікшілер Түркия парламентінің ғимаратына, Türksat ғимаратына, Гёльбаши ауданындағы полиция академиясына әуе соққысын жасаған. Қаза болғандардың арасында әскерилердің де, бейбіт тұрғындардың да бар екендігі айтылады. Оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети