01 шілде 2017 08:50

Лионель Месси үйлену тойын дүркіретіп өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барселонаның" форварды Лионель Месси 30 маусымда Аргентинаның Росарио қаласында 250 адам шақырып, дүркіретіп той өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости


"Барселонаның" форварды Лионель Месси 30 маусымда Аргентинаның Росарио қаласында 250 адам шақырып, дүркіретіп той өткізді, - деп хабарлайды РИА Новости

30 жастағы Мессидің жары - Антонелла Рокуццо, олар бала кезінен таныс, дос, ал 2005 жылдан бері кездесе бастаған, қазір жұптың екі баласы бар. Неке қию рәсімі қауіпсіздігі жоғары қымбат қонақүйде өтті. Шараға 150 журналист кіре алыпты, Росариоға футболшының клубтастары Неймар, Луис Суарес және Жерар Пике әйелі Шакирамен бірге келген. 

"Ол тіпті өзгермеген. Қарапайым жігіт, жеткен жетістігіне қарамастан сондай болып қалды", - деді Лионельдің бала күнгі досы Диего Вальехос. 


 REUTERS/Marcos Brindicci©

Месси бес мәрте жылдың үздік футболшысы атанған, "Барселона" құрамасында сегіз рет Испания чемпионы атанған, төрт рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Ал Аргентина құрамасында Мессм 2008 жылы Олимпиада чемпионы атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети