20 қаңтар 2014 18:14

Машкевич "Ертіс" футбол клубына демеуші болудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Машкевич. ©Ярослав Радловский Александр Машкевич. ©Ярослав Радловский

Қазақстандық миллиардер Александр Машкевич Керекудің "Ертіс" футбол клубына демеушілік көрсетуден бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Аталмыш олигарх басқаратын ENRC компаниясы бұдан былай клубтың бас демеушісі болмайды. Бұл туралы Машкевич Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевпен болған кездесуде мәлімдеді. Машкевичтің айтуынша, футбол, нақты айтсақ "Ертіс" футбол клубы тек қана қаржыны құя бермей, жіті бақылауды және кәсіби қадағалауды талап етеді. "Өзім де футболдың фанатымын. Бірақ футбол клубының жұмыс істеу механизмі қаншалықты қиын екенін білемін. Оны ақша салып қойып, сырттай бақылап жүре бергеннен нәтиже болмайды. Сондықтан біз бұрынғы басшылықпен де, қазіргі басшылықпен де келістік. Футбол клубын қамқорлығымызға ала алмаймыз. Өйткені, бұл жеке кәсіби жоба. Яғни, бұл үшін жауап бере алмаймыз", - деді Машкевич. Естеріңізге сала кетейік, қаржының жоқтығынан өткен жылдың күзінен бастап "Ертіс" футбол клубы қарызға белшесінен батты. Қазан айында футболшылар Павлодар облысының басшылығына хат жазып, сыйақыларды айтпағанда алты ай бойы алмаған жалақыларын төлеп беруді сұраған. Футболшыларынан бөлек, клуб өздерінің бапкерлері мен қызметкерлеріне, балалар футбол орталығына да әбден берешек болды. Сөйтіп жүріп қарыздарынан тек қараша айының соңында ғана құтылды. Тіпті, қаржылық қиыншылықтардан кейін клубтан бірнеше белді ойыншысы кетіп қалыпты. 2013 желтоқсан айында облыстың жаңа әкімі Қанат Бозымбаев клуб президенті Марат Мұстафин және бас бапкер Талғат Байсуфиновпен болған кездесуінде "Ертіс" футбол клубы тұрақты түрде қаржыланатынына уәде берген..

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети