05 ақпан 2020 10:13

Месси "Барселона" басшылығымен жанжалдасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  football.ua © football.ua

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Instagram желісіндегі парақшасында команданың спорт директоры Эрик Абидальмен жанжалдасты, - деп хабарлайды "Лента.ру"


"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Instagram желісіндегі парақшасында команданың спорт директоры Эрик Абидальмен жанжалдасты, - деп хабарлайды "Лента.ру"

Абидаль клубтың бұрынғы бапкері Эрнесто Вальверде туралы айтқан. Оның айтуынша, команда Вальвердені сынға алып, өздері барын салмайтын болған екен. Осыған ашуланған аргентиналық футболшы басшыдан көңілі толмайтындардың есімін атауды талап етті.

"Әркім өзіне жүктелген тапсырмаларға жауапты болуы тиіс. Спорт департаментінің адамдары бірінші кезекте клуб басқармасына жауапты болуы тиіс", - деп жазды Месси. 

"Барселона" Вальвердемен 14 ақпанда қош айтысты. Келісімшартты бұзу шешімі екіжақты өзара мәмілеге келу арқылы жасалған. Бүгінде клубтың бас бапкері - Кике Сетьен.
 
Вальверда 2017 жылы жазда клубтың бас бапкері болды. Ол "Барселонаны" екі рет Испания чемпионатында жеңімпаз етті. Чемпиондар лигасының 2017/2018-маусымында клуб ширек финалда "Ромадан" жеңіліп (4:1; 0:3),  ұшып кетті. Былтырғы маусымда "Барселона" жартылай финалда ұлыбританиялық "Ливерпульден" жеңілді (3:0; 0:4).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети