26 тамыз 2020 09:13

Месси "Барселонамен" келісімшартты бұзатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Reuters Фото Reuters

"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығына командадан кету туралы шешім қабылдағанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.


"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси клуб басшылығына командадан кету туралы шешім қабылдағанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, "Барселона" Мессиден бюрофакс алған. Онда футболшының клубтан кеткісі келетіні жазылған. Месси келісімшарттағы баптың артықшылығын пайдаланған. Құжатта әр маусымның соңында ойыншыға клубпен біржақты тәртіпте келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармақ бар екен.

Барселона бұл тармақты қазір қолдану мүмкін емес деп санайды. Себебі, ол 10 маусымда аяқталған. Мессидің пікірінше, коронавирус пандемиясына байланысты маусым жақында аяқталған әрі келісімшарттағы тармақты осы жағдайды ескере отырып өзгертуге болады.

Каталониялық клуб Мессиден командадан кеткісі келетіндігі туралы ресми хабар алғанын растады. Алдағы уақытта "Барселона" директорлар кеңесінің шұғыл отырысы өтеді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети