26 тамыз 2020 17:01

Мессиді қандай командалар сатып алғысы келетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лионель Месси. Сурет: Reuters© Лионель Месси. Сурет: Reuters©

Мессиді қандай командалар сатып алғысы келетіні белгілі болды, - деп жазады Vesti.kz.


Мессиді қандай командалар сатып алғысы келетіні белгілі болды, - деп жазады Vesti.kz.

Испаниялық Sport.es басылымы "Барселонаның" 33 жастағы экс-шабуылшысы Лионель Месси қай командада карьерасын жалғастыруы мүмкін екені туралы материал дайындаған.

Дереккөз мәліметінше, "Барселона" басшылары Мессиден командадан кететіні туралы хат алған. Капитан Чемпиондар лигасындағы "Бавариядан" 2:8 есебімен оңбай жеңілгеннен кейін мұндай шешім қабылдаған екен. Қазір енді команда басшылары шабуылшыны қалай командада сақтап қалудың жолын қарастырып отыр.

"Мессиді бірінші кезекте ПСЖ командасы сатып алғысы келіп отыр. Сондай-ақ ағылшындық "Манчестер Юнайтед" ұжымы да шабуылшы үшін қыруар ақшаға шығындалуға дайын. Бұл екі команда тіпті "Барселона" талап еткен 700 миллион еуроны беру жолын қарастырып жатыр дейді.

Аргентиналық футболшы басқа командаға екі жолмен ауысуы мүмкін. Заңсыз және заңды. Заңды жолмен Леоны ешкім ала алмайтын шығар. Тек шабуылшы Неймар секілді өзінің трансферін өзі сатып алмаса. Ал Заңсыз жолмен ПСЖ командасы сатып алуы мүмкін. Ол үшін париждік команда бірнеше футболшысын сату керек. Оның өзінде қаржылық фейр-плей ережесі бұзылады. Қазір ПСЖ басшылары осы мәселеден қалай шығуға болатын жолды қарастырып жатыр", - деп жазады дереккөз.

Еске салайық, мұның алдында Мессидің "Барселонамен" келісімшартты бұзатыны айтылған еді. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, "Барселона" Мессиден бюрофакс алған. Онда футболшының клубтан кеткісі келетіні жазылған. Месси келісімшарттағы баптың артықшылығын пайдаланған. Құжатта әр маусымның соңында ойыншыға клубпен біржақты тәртіпте келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармақ бар екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети