02 қыркүйек 2015 13:50

"Ордабасы" футболшысының сүйіктісі Борат туралы жазбасы үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Иван Божичтің сүйіктісі Антония Борат туралы жазбасы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Ордабасы" клубының жартылай қорғаушысы Иван Божичтің сүйіктісі Антония Борат туралы жазбасы үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хорват қызы бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанды "Борат елі" деп атаған болатын. Осыдан кейін оның жазбасы кең таралып, қыз соңында кешірім сұрады. Антония қалжыңы арқылы біреуді ренжітуді ойламағанын айтты. Ол Қазақстанда болғанды жақсы көретінін жеткізді.

"Мен тағы да кешірім сұраймын. Мен Қазақстанды, оның тұрғындарын ренжіткім келмеген. Мен осы елде болғанды жақсы көремін, сондықтан да уақытымның көп бөлігін Хорватия мен Қазақстанда өткіземін. Тағы да кешірім сұраймын. Антония", - деп жазды Божичтің сүйіктісі Instagram желісіне Қазақстан туының суретін жариялай отырып. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Бұған дейін футболшының өзі де сүйіктісінің қылығы үшін кешірім сұраған болатын. Иван Божич бұл қалжыңға ақымақтық деп қарайтынын жеткізді.

Айта кетейік, мұндай жағдай алғаш рет болып отырған жоқ. Жақында ғана "Галатасарай" футболшысы Лукас Подольски Twitter парақшасында Астанаға келуге асық екенін жазған еді. Ол осыдан кейін Бораттың суретін жүктеді. Кейін Геннадий Головкиннің қарсыласы Давид Лемье де Бораттың суретін жариялады. Подольски қылығы үшін кешірім сұраса, Лемье суретті парақшасынан өшіріп тастады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети