14 мамыр 2022 12:34

ПСЖ командасы Мбаппенің орнын басатын шабуылшыны тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters ©Reuters

Франциялық ПСЖ командасының басшылары Киллиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы тапты. Бұл туралы Marca басылымы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Франциялық ПСЖ командасының басшылары Киллиан Мбаппенің орнын басатын шабуылшы тапты. Бұл туралы Marca басылымы жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Килиан Мбаппе жуырда мадридтік "Реал" сапына ауысуы мүмкін. Сондықтанда париждік команда оның орнын басатын футболшы іздеп жатыр.

Ал дереккөздің ақпараты бойынша, ПСЖ басшылары назарын "Бенфиканың" шабуылшысы Дарвин Нуньеске аударған. Уругвайлық шабуылшыны лиссабондық команда 150 миллион еуроның көлемінде сатуға дайын. Бұл шабуылшыға ПСЖ командасынан бөлек "Барселона", "Атлетико" және "Манчестер Юнайтед" командалары да көз тігіп отыр. 

Биыл Дарвин Нуньес "Бенфика" сапында барлық турнирде кездесуге қатысып, 34 гол соқты. Transfermarkt порталы болса 22 жастағы шабуылшыны 40 миллион еуроға бағалап отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети