07 шілде 2014 20:26

Ресей футбол одағы ғимаратына мүшеқап жаудырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Lenta.ru ©Lenta.ru

Бір топ жігіт Ресей футбол одағы (РФС) ғимаратына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.


Бір топ жігіт Ресей футбол одағы (РФС) ғимаратына шабуыл жасады, - деп хабарлайды Lenta.ru ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Жастар одақтың Мәскеудегі Народная көшесі, 7-үйде орналасқан кеңсесінің кіреберісіне мүшеқаптар лақтырған. Олар осылайша ұйымның басшысы Николай Толстыхтың саясатына наразылық білдірді. Наразылық шарасы бес минутқа жуық уақытқа созылды.

Тәртіпсіздік жасаған топ одақ басшысынан қызметтен кетуді талап етті. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, наразылық шарасын Мәскеу футбол клубтарының бірінің фанаттары ұйымдастырған. 

Жанкүйерлер Ресей құрамасының 2012 жылғы Еуропа чемпионатындағы сәтсіздігінен кейін де ұйым басшысына наразылық білдірген болатын. Ол кезде Ресей футбол одағын Сергей Фурсенко басқарды. Ал наразылық шарасын "Спартак" футбол клубының табынушылары ұйымдастырған еді. Бірақ ол уақытта одақ жетекшілігі наразылық шарасына ешқалай көңіл аударған жоқ.

Еске сала кетейік, жуырда Ресей футбол одағы басшыларын қызметтен кетіруді саясаткер, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский де айтқан болатын. Жириновский одақ жетекшілерін ұлттық құрамаға бас бапкер ретінде "ашкөз, қарақшы" Фабио Капеллоны сайлағаны үшін айыптап отыр.

Ресей құрамасы Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында топтық кезеңнен өте алмаған болатын. Ресейлік футболшылар Алжир (1:1), Оңтүстік Корея (1:1) командаларымен тең түссе, Бельгия құрамасынан (0:1) жеңіліп қалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети