12 шілде 2018 16:28

Роналду мансабын аяқтайтын клубты таңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AFP © AFP

Криштиану Роналдудың ісін жүргізетін агент Жорже Мендеш футболшының ары қарайғы жоспарлары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz Football Italia басылымына сілтеме жасап.


Криштиану Роналдудың ісін жүргізетін агент Жорже Мендеш футболшының ары қарайғы жоспарлары жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz Football Italia басылымына сілтеме жасап.

10 шілдеде мадридтік "Реал" Португалия құрамасының 33 жастағы шабуылшысының "Ювентуске" ауысатынын мәлімдеген болатын. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты төрт жылға есептелген, келісімшарт құны -110 миллион еуро.

"Ювентус" Криштианудың соңғы клубы болады және ол осындай шешім қабылдағанына қуанышты. Ол өзінің керемет мансабын осы клубпен аяқтайды", - дейді Мендеш.

Роналду "Реал" сапына 2009 жылы "Манчестер Юнайтедтен" ауысқан болатын. Испаниялық клуб сапында Роналду екі рет ел чемпионаты мен төрт рет Чемпиондар лигасының үздігі атанған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети