04 қараша 2018 16:50

Роналдуды Роналдомен салыстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Football.ua © Football.ua

Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Фигу шабуылшылар Криштиану Роналду мен Роналдоның ойынын салыстырды, - деп жазады AS.


Португалия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Луиш Фигу шабуылшылар Криштиану Роналду мен Роналдоның ойынын салыстырды, - деп жазады AS.

"Криштиану баспен көп гол сала алатын ойыншы. Екі сұрмергеннің де ойы есте қаларлық. Олар көп голдың болатынына кепіл. Бар болғаны оларға пас шығарып беру. Олар барлығын өздері істейді. Бірақ мен айып алаңында өнер көрсету бойынша Роналдо мықты дер ем", - дейді Фигу. 

Фигу екі ойыншымен де бірге өнер көрсеткен. Роналдомен ол "Реал" сапында бірге өнер көрсетті, ал Криштианумен Португалия құрамасының намысын қорғады. 

Екеуі де "Реал" сапында өнер көрсетті. Бразилиялық "Реалда" жүріп екі рет Испания чемпионы атанды. Екі рет әлем чемпионы (1994 және 2002 жылдары) атанды. Сондай-ақ, ол "Барселона", "Милан" сынды клубтарда да сәтті өнер көрсетті. 

Португалиялық футболшы 2009 жылдан бері "Реал" намысын қорғап келді. Ол клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Төрт рет Чемпиондар лигасын жеңді. 2018 жылы жазда "Ювентуске" ауысты. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети