04 тамыз 2016 13:02

Самат Смақов "Ордабасы" клубына ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Смақов. © "Ордабасы" ФК Самат Смақов. © "Ордабасы" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов енді "Ордабасы" клубында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Шымкенттік клубпен келісімшарт 4 тамызда жасалды.


Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Самат Смақов енді "Ордабасы" клубында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Шымкенттік клубпен келісімшарт 4 тамызда жасалды.

Келісімшартқа сәйкес, жартылай қорғаушы клубта осы маусым аяқталғанша өнер көрсетеді. Смақов соңғы кездері "Ақтөбе" клубында өнер көрсеткен, ол онда 13 ойын өткізді (12 рет ҚПЛ-да және бір рет Қазақстан кубогінде). Чемпионатта "Ақтөбе" капитанының қоржынында бес гол соққан, оның төртеуі айып добы.

Айта кетейік, "Ақтөбе" клубынан абыройлы ойыншының кететінін әлеуметтік желі қолданушылары болжаған еді. Мұндай мәліметтерді ақтөбелік жанкүйерлер әлеуметтік желідегі ірі топтарда талқыға салған. Самат Смақов "Ақтөбе" клубына осы маусымның басында келген болатын. 37 жастағы футболшы бірнеше рет өз мансабын осы клубта аяқтағысы келетінін айтқан. 

Сонымен қатар осы жылдың көктемінде футболшы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы болуды армандайтынын айтқан болатын. "Бұл менің арманым әрі мақсатым. Егер маған болашақта осындай мүмкіндік туса, барынша пайда алып келу үшін мен қолымнан келгеннің барын салар едім. Әзірге мен футболистпін, қашан келесі өмірлік кезеңге өтерімді білмеймін. Ойнағым келеді, әзірге пайда алып келуге жараймын. Өзімнің тарта алмайтындығымды немесе әріптесертіме кедергі болып жүргенімді сезген күні карьерамды тоқтатамын. Жаттықтырушы болғым келетіні құпия емес. Әрине бірінші Владимир Муханов немесе Алексей Перушин секілді мамандардың штабында көмекші болудан бастағаным дұрыс шығар", - деген еді Смақов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети