22 қыркүйек 2017 17:53

Швейцариялық футбол клубының президенті журналисті соққыға жықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеода үзінді видеода үзінді

Швейцариялық "Сьон" футбол клубының президенті Кристиан Константин журналисті әрі бұрынғы Швейцария құрамасының бапкерін соққыға жықты. Видео Twitter желісіндегі Mr. Oli аккаунтында жарияланды.


Швейцариялық "Сьон" футбол клубының президенті Кристиан Константин журналисті әрі бұрынғы Швейцария құрамасының бапкерін соққыға жықты. Видео Twitter желісіндегі Mr. Oli аккаунтында жарияланды.

Оқиға Швейцария чемпионатының "Лугано" мен "Сьон" клубтарының ойыны кезінде болды. Константин Фрингерге тап беріп, бірнеше соққы жасады. Видеода оқиғаның соңы ғана түсірілген.

Blick басылымының мәліметінше, швейцариялық клуб президентінің мұндай әрекетке баруға журналистің сынға алуы себеп болған. Фрингери Константинді нарциссизмге және эгоизмге шалдыққанын айтқан. "Фрингер маған тіл тигізді. Мен оған бірнеше соққы жасап, істі тындырдым. Клуб президенті мұндай әрекетке бармауы керек, алайда сізге шабуыл жасалса, жауап қайтаруыңыз керек", - деді шабуылдаған ер адам.

Журналист оны сотқа беретіні туралы жариялады, ал Швейцариялық футбол одағы Константинге қатысты іс қозғады.

Сол кештегі өткен ойында "Сьон" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жоғарғы лигада сегіз кезеңді өткізгеннен кейін клуб рейтингте бесінші болып тұр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети