Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Суарес Бразилиядағы бәсекеде ойыннан аластатылды

27 Маусым 2014, 00:16
0

Уругвай ұлттық құрамасының шабуылшысы Луис Суарес  Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында ойнау құқығынан айрылды. Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Суаресті италиялық ойыншы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғаны үшін тоғыз матчқа қатыстырмауға шешім шығарған. Сондай-ақ, Суарес енді төрт ай бойы футболға қатысты ешқандай шараға қатыса алмайды, - деп хабарлайды Теngrinews.kz сайты Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Демек, енді аты-шулы шабуылшы Бразилиядағы бәсекеде ойын өрнегін көрсете алмайды деген сөз. 

Естеріңізге саламыз, Суарес 24 маусымдағы топтық кезенде италиялық қорғаушының иығынан тістеп алған болатын. Бұл ойында Уругвай Италияны 1:0 есебімен ұтты. Осы ойыннан кейін ФИФА Суаресті тәртіпке салу ісін қолға алған еді. Уругвай шабуылшысын екі жылға дисквалификациялау (спорт жарыстарына қатысу құқығынан айыру) керектігі айтылған.  

Бұған дейін Луис Суарес 2013 жылдың 21 сәуірінде премьер-лига ойындарында "Ливерпул" мен "Челсидің" кездесуінде қорғаушы Бранислав Ивановичті тістеп алған еді.  Ал 2010 жылы Отман Баккалды да тiстеп алып жеті матчқа қатысуға тиым салынған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай