28 тамыз 2020 16:52

ЦСКА Бахтиер Зайнутдиновтің қалай жаттыққанын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Мәскеулік ЦСКА қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың клубтағы жаттығуын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мәскеулік ЦСКА қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдиновтың клубтағы жаттығуын көрсетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәскеулік клуб YouTube желісіндегі ресми арнасында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің клубтағы алғашқы күні туралы видеоблог түсірді. Видеодан қазақстандық футболшының қалай жаттыққанын көруге болады.

25 тамызда Зайнутдиновпен бірге ЦСКА құрамын Бразилия жастар құрамасының қорғаушысы Бруно Фукс толықтырған болатын. Екі футболшы да бес жылдық келісімшартқа қол қойған.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов мәскеулік ЦСКА клубына ауысқаны хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети