30 мамыр 2022 07:23

УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: КФФ© Фото: КФФ©

Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзербайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан мен Әзербайжан ойыны алдында жанкүйерлерге үндеу жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Құрметті жанкүйерлер!

Қазақстан футбол федерациясы УЕФА Ұлттар лигасында Молдовамен өткен ойында біздің құрамаға көрсеткен қолдауларыңыз үшін жанкүйерлерге алғыс білдіреді.

Осы матчта жанкүйерлердің трибунадан заттарды лақтырғаны және алаңға жүгіріп шыққаны үшін УЕФА тарапынан Қазақстан футбол федерациясына 19 250 еуро көлемінде айыппұл салынды.

Мұндай әрекеттер жалғасатын болса, УЕФА ұлттық құраманың ойындарына одан да қатаң талап қоюы ықтимал. Мәселен, ұлттық құраманың ойындарына жанкүйерлерді қатыстырмау туралы шешім шығаруы мүмкін. Сол себепті алдағы ойындарында қолдаудың жоғары әрі мәдениетті деңгейін көрсетуге шақырамыз.

Түсіністік танытқан әр жанкүйерге ыстық ықыласымызды білдіріп, ұлттық құраманы әрқашан қолдайды деп үміттенеміз!", - делінген федерацияның қалдырған хабарламасында.

Еске салайық, Қазақстан мен Әзербайжан ойыны 3 маусым күні "Астана Аренада" өтеді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети