04 шілде 2021 09:11

Украинаға 4 гол соққан Англия жартылай финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Украина командасына қарсы ойнады.  Римдегі "Олимпиада" стадионында өткен ойында ағылшындар украиналықтарға жауапсыз 4 гол соқты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Англия құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалында Украина командасына қарсы ойнады.  Римдегі "Олимпиада" стадионында өткен ойында ағылшындар украиналықтарға жауапсыз 4 гол соқты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 4 минутында Рахим Стерлингтің тамаша пасын, капитан Харри Кейн голға айналдырды. Бірінші голдан шабыттанған Гарет Саутгейт командасы ойынды толық бақылауына алып үздіксіз шабуылдады. Бірінші таймда Украина құрамасы есепті теңестіре алмады.

Екінші тайм бастала салысымен, 46 минутта стандарттан Люк Шоу асырған пасты ағылшынның орталық қорғаушысы Гарри Магуайр баспен соғып, есепті еселей түсті. Арадан көп өтпей, тағы да Люк Шоудың пасын, Харри Кейн баспен соғып, дубль авторы атанды.

63 минутта ағылшындар төртінші голды соқты. Гол авторы Джордан Хендерсон болды.

Енді жартылай финалда ағылшындар даттармен, испандар италяндармен ойнайды. 

Италия - Испания арасындағы алғашқы ойын матч 7 шілдеде Лондондағы (Англия) "Уэмбли" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Дания - Англия 8 шілдеде Лондондағы "Уэмбли" стадионында (Англия) кездеседі. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 01: 00-де басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети