Юрий Красножан футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді - БАҚ

20 Желтоқсан 2015, 13:49
0
Юрий Красножан футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді - БАҚ - Юрий Красножан © Kff.kz
Юрий Красножан © Kff.kz

Юрий Красножан футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап. 

Ресейлік маман Қазақстан құрамасын 2014 жылдың ақпанынан бері басқарып келеді. Келісімшарт екі жылдық мерзімге қол қойылған, алайда құжатта тағы екі жылға мерзімді ұзарту туралы пункт бар.  

Красножан мерзімі тақап қалған келісімшартты ұзарту жөнінде Қазақстанның Футбол федерациясымен келісе алмаған көрінеді. Ал оның орнына кімнің келетіні жайлы ақпарат әзірше жоқ. 

Қазақстан құрамасы Красножанның жетекшілігі кезінде Еуро-2016 іріктеу кезеңінде А тобында бір командадан ғана оза алды, ұжым он матчта бес ұпай жинады. Осыған дейін Красножанның "Мордовияны" басқаратыны жайлы мәлімет таралған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай