03 желтоқсан 2017 13:31

Алматыда Мәуліт мерекесі тойланды

ПОДЕЛИТЬСЯ


Алматы қаласындағы Республика сарайында пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған айына байланысты мәуліт кеші өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Рухани кешке Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы, мүфтият қызметкерлері, облыстың бас имамдары, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары қатысты. "Өнер қырандары" театрының пайғамбарға сағыныш, ата-ананың қадірі, туысқандық қарым-қатынас, мешіт салудың сауабы сынды тақырыпта қойған сахналық көріністері жамағаттың жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді. Белгілі айтыскер ақын Дидар Қамиевтің орындауындағы "Ана қадірі" термесі де сарайға жиналған қауымды тебірентіп, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісін паш етті.

"Әбу Ханифа" медресесінің шәкірттері

"Әбу Ханифа" медресесінің шәкірттері

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау сөзі

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау сөзі

Арнайы қонақтар

Арнайы қонақтар

Осы мерекелік шараны тамашалуға келген жұрт Республика сарайына лық толды.

Осы мерекелік шараны тамашалуға келген жұрт Республика сарайына лық толды.

"Өнер қырандары" театрының мешіт салудың сауабы сынды тақырыпта қойған сахналық көріністері жамағаттың жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді.

"Өнер қырандары" театрының мешіт салудың сауабы сынды тақырыпта қойған сахналық көріністері жамағаттың жүрегін елжіретіп, көзіне жас үйірді.

Дидар Қамиевтің орындауындағы "Ана қідірі" термесі де сарайға жиналған қауымды тебірентіп, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісін паш етті.

Дидар Қамиевтің орындауындағы "Ана қідірі" термесі де сарайға жиналған қауымды тебірентіп, анаға құрмет көрсетудің озық үлгісін паш етті.

<p>Кеш барысында адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, дұға жасалды.</p>

Кеш барысында адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтылып, дұға жасалды.

<p>Суреттер muftyat.kz порталынан</p>

Суреттер muftyat.kz порталынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети