27 желтоқсан 2018 14:26

Алматыдағы "Аққу" кафесі мен алғашқы трамвайлар жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ


Әрбір ескі ғимарат бұзылған сайын қаланың бұрынғы тұрғындары қазір мүлде басқа Алматының қандай болғанын еске алады. 74 жастағы фотограф Әлім Хайдаров бала кезінен терезелері ерекше көпес үйлерді суретке түсіргенді жақсы көреді. Кезінде оған барлығы мәңгілік тұратындай көрініпті. Бірақ уақыт өте сәулеті әдемі, аса биік емес ескі ғимараттар жаңа, бірақ үлкен, қазіргі заман талабына сай салынған үйлерге алмасты. Ал ескі қаланың келбеті тек өзі түсірген сурет беттерінде қалды. Әлім Хәкімұлы Tengrinews.kz тілшісіне ескі Алматы туралы естеліктерін бөлісіп, суреттері арқылы қала тарихының бір үзіндісін көрсетті.

Ал, суретке түсейік!

Әлім Хайдаров 1944 жылы Алматыда дүниеге келген. 12 жасында анасы оған "Смена" фотоаппаратын сатып алып берген. Кейін фотограф Яштолд-Говорконың кітабын тауып, суретке түсірудің қыр-сырын үйрене бастаған.

"Терезелерге көрпе іліп, жақындарымды суретке түсіретінмін. Кейін суретті айқындап, жарық түспес үшін пердемен жабатынмын. Бірақ үйдегілердің шыдамсыздығынан пердені аша тұратынбыз, нәтижесінде сұр фотолар шығатын. Бірақ қате жіберу арқылы үйрендік", - деп әңгімесін бастады Әлім Хәкімұлы. 

Оның камера объективіне достары, сыныптастары мен сүйікті орындары да түскен. Мына суреттегілер - Хайдаровтың сыныптастары мен олардың бірінің інісі "Қазақстан" кинотеарының алдында. 


Өзбек (Қазіргі Сейфуллин) және Октябрь (Әйтеке би) көшелерінің қиылысында. Артқы жағында алғашқы екі залдық "Қазақстан" кинотеатры. 1958 жыл.

"Сабақтан кейін кенеттен Кинотеатр фонында суретке түсейік деген ой келді. Бұл сақталып қалған суреттердің бірі. Сол жылдары бұл іске жауапкершілікпен қарамайтынмын, суретті басып шығарасың, кейін лақтыра саласың немесе жоғалтып аласың".


№ 39 мектептегі сабақ барысы. 1950 жылдардың соңы. 

"Бірақ кейін суреттерді қара фотоқағаздың астында конвертте сақтай бастадым, ал пленканы сақтау үшін ватманнан "сырнай" жасайтынмын. Кейін оны қаламсауытқа салып қоятынмын".


Үзіліс, № 39 мектеп. 1950 жылдардың соңы. 

"Газтұтқыштағы бала - Витька Холодов. Оның үстіне кигені мектеп формасы. Сол кездері белбеуді міндетті түрде тағу керек еді. Витька киноға қатты қызығатын. "Қазақстан" кинотеатрына қарама-қарсы екі қабатты үлкен дәлізі бар үй болатын. Ол онда проектор арқылы қабырғада слайдтар көрсететін".


Сейфуллин көшесіндегі бақша, Октябрь (қазіргі Әйтеке би) көшесінен жоғары. 1958 жыл.

Трамвайлардың есігі ағаштан болған

Хайдаров 6-сыныпта оқыған кезде Горький атындағы саябақта балалар теміржолына, Павлик Морозов станциясына жұмысқа тұрғанын айтады.


Горький атындағы саябақтағы балалар теміржолы. Павлик Морозов атындағы бекет. Диспетчерлік касса. 1950-ші жылдар.

"Мен жол аралаушыдан машиниске және одан диспетчерге дейінгі барлық курстан өттім. Ең қызығы, тоқтау алаңында, диспетчерлік кассада, барлық жерде балалар жұмыс істеген. Сөйтіп кейін бұл балалардың көбі теміржолға жұмыс істеуге барды. Яғни, мұндай курстардан кейін оқушылар мектеп жылдарында ересек өмірге бейімделгенін айтуға болады", - дейді ол.

Тәжірибелі фотограф Алматыдағы трамвайда алғаш рет жүрген кезін еске алды: "Біз үшін бұл бір жаңа нәрсе еді. Трамвайға мінесің. Қолында бумасы бар кондуктор тұрады. Билет - 3 тиын тұрады. Трамвайлар ағаш есіктен болатын, кейде олар жабылмайтын да. Кешігіп бара жатқандар трамвайға секіріп кіретін, тіпті одан секіріп те шығатын".


Комсомольская (қазір Төле би) мен Талғар көшесінің қиылысы. Трамвай тоқтайтын соңғы көше. 1970-жылдар.

Хайдаров трамвайда Горький паркіне жиі барағанын айтады. "Казенокқа" (қазыналық бақта) шомылуға келетінмін. Сонда жаз бойы суға түсетінбіз. Су ағып тұратын құбыр болған. Біз сол құбырға шығып, секіретінбіз. Бірақ су таяз болғандықтан, сазға жалп түсетін едік, ол жақтан кейде түкірік те көруге болатын", - дейді фотограф.


Горький атындағы саябақтағы "Қазекоктағы" су. 1970-жылдар.

Алма-атадан Ілеге дейін велосипедпен

Бір күні Әлім велосипед сатып алып, сапарға шығады. Әрине, фотоаппаратпен. "Мен оны әлі де сенімді айдай алмайтынмын. Дегенмен, достарымен Ілеге шомылуға баруды ұйғардым. Бұл шамамен 70 шақырым жер. Қаладан оңай шықтық, бұрын жолдарда кептеліс болған жоқ. Бірақ сол кездің өзінде велосипедшілер жолдың оң жағымен жүретін", - дейді Хайдаров.

"Бірақ Іленің өзіне жеткеніміз жоқ. Покровка ауылына келдік, кейін өзенге қарай бет алдық, бірақ онда су өте лас екен. Бірақ бәрібір қалуды ұйғардық, шатыр құрып, борщ ішіп, ұйықтап қалдық. Таңертең оянсақ зираттардың арасында жүр екенбіз. Түнде бұл туралы білмегеніміз қандай жақсы. Сөйтіп үйге шаршап оралдық. Мен бұл суретті естелікке түсірдім".


Іле маңына барғаннан кейінгі Хайдаровтың достары. 1960 жыл. 

Ал бұл фото Қаскелең шатқалына барғанда жасалған. "Бізді түрлі мектептерден жинап, тауға апарды, онда тау жыныстарын, оның құрылымы мен басқа да ерекшеліктерін зерттеген едік", - дейді Әлім Хәкімұлы.

Бұл суретте вагон жөндеу зауытындағы (Гоголь-Әуезов) Хайдаровтың сыныптасы. Мұнда олар жұма күні мектептің орнына жұмыс істеген. Хайдаров металл жонушы мамандығын оқыған.

Қазақ мемлекеттік баспасы

Өткен ғасырдың 50-жылдарында КаГИЗ Алматыдағы ең үлкен кітап дүкені болған. Сыртынан қарағанда кішкентай ғимарат сияқты, бірақ іші кең. "Бұл дүкенге мерекеге барғандай келетін. Онда іздеген барлық кітапбыңды табуға болады. Қөркем, ғылыми, оқу әдебиеттері бар. Сол кезде оқулық табу қиын болатын. Сондықтан дүкен құтқарущы сияқты еді", - дейді Әлім Хайдаров.


Кітап дүкені. Гоголь және Горький көшелерінің арасындағы Карл Маркс көшесі (қазіргі Қонаев). 1970-жылдар.

Фотографтың айтуынша, кітапқа талон алу үшін адамдар макулатура өткізген уақыт болды. Кітап сүйер қауым Диккенс, Пушкиннің кітаптарын алуға таласатын. "Оған қолхат алу үшін кезекте тұрып, кепіл беру керек еді. Бірақ онда да кітапты аласың деген кепілдік жоқ, себебі олардың таралымы азақ еді ", - дейді Алматы тұрғыны.

Кинотеатр

Хайдаров жастық шағында теледидарлар әр үйінде болмағанын және кинотеатр жалғыз ойын-сауық орталығы екенін еске алады. "50-жылдары сайлау алдындағы науқан кезінде киноқондырғылары бар адамдар аула аралайтын. Халық көшеде ақжайма іліп, орындықтар алып келіп кино көретін", - дейді ол.


"Родина" кинотеатры. 1960-жылдар.

Кейін кинотеатрлар пайда бола бастады. Ең танымалы "Қазақстан" еді. Бұл Алматыдағы алғашқы екі залдық кинотеатр. Сол уақытта бір залда фильм басталса, бір-екі сағаттан кейін екіншісінде болатын. 

"Киноға билет шамамен 30 тиын тұрды. Ыстықта да, суықта да кезек сарқылмайтын. Ал көптен күткен билетін алған соң залға асыға кіретін", - дейді Хайдаров. 

"Бір жолы балалармен қыздарды шетелдік "Девушка летом" фильміне шақырдық. Біз оның не туралы екенін білмедік, сөйтіп ұятсыз көріністерден кейін ұялғанымызды көрсеңіз. Қызарып, экраннан көзімізді бұрдық, бірақ кейін күлгеніміз есімде. Ал қыздар бізден арман қызарып, қолмен бетіп жапқан. Менің ойымша, сол кезде қыздар кәдімгідей ұялшақ болған", - деп тұжырымдайды Әлім Хәкімұлы. 

"Аққу" кафесі 

Әлім Хәкімұлы 60-70 жылдары әрбір алматылық білетін романтикалық орын туралы жылы естеліктерін бөлісті. Бұл "Аққу" кафесі. Мұнда кіру беделді көрсететін. 

"Бұл кездесуге арналған орын еді. Онда ас мәзірінде негізінен жеңіл нәрселер болды: шырындар, балмұздақ, яғни адамдар мұнда тамақ жеуге емес, таза ауада демалып, шай ішіп, суда жүзіп жүрген аққуларға қарауға келетін. Нағыз рахатты осында сезесің!" - дейді тамсанып Хайдаров.

"Аққулар кафе маңында бір адам олардың бірін ұстап, қуырмайынша жүзіп жүретін. Ал кафе кейін жанып кетті. Оны әдейі өртеді деген сыбыстар болған. Бірақ әлі күнге дейін оның орнында осыған ұқсас дәмхана пайда болған жоқ", - дейді алматылық үлкен кісі.


"Аққу" кафесі. Панфилов пен Киров (қазіргі Бөгенбай батыр) көшелерінің қиылысы. 1970-жылдар.

Орталық гастроном

Алім Хәкімұлы үшін 60-жылдары Алма-Ата шұжық иісі мен шыны бөтелкедегі айранмен байланысты. "Гастрономда 50-жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында барлығы болды: ірімшік, шарап, шұжықтың 40-50 түрі. Есімде, қалада жаяу келе жатып бір көше алды шұжықтың иісі сезілетін. Бұл азық-түлік жұмағы еді. Көліктермен шыны шөлмектерде, темір жәшіктерде айран әкелетін. Адамдар кассада тізіліп тұратын.  А аула әрдайым шулы. Жүк тасушылар жәшіктерді лақтырып, боқтайтын. Лақтырып, тағы боқтайтын", - деп есіне алды ол. 


Мир көшесі (Желтоқсан) мен Коммунистический даңғылы (Абылай хан) арасындағы, Калинин көшесіндегі (қазіргі Қабанбай батыр) орталық гастроном. 1970-жылдар.

Қала артқы фонда қалды 

Әлім Хайдаровта Алматыдағы бірқатар тарихи нысандардың пайда болуы мен бұзылу сәті түскен фотолар бар. Мысалы мына суретте - политехникалық институттың, қазіргі Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, құрылыс кезі. Бұрындары мұнда жүгері алаңы болған. 

Бір күні Әлім Хайдаров досынан "Старт" фотоаппаратын сұрап "Медеуді" түсіреді.


Сол уақытта мұз айдынында бірнеше трибуна ғана боған. Фото 1960-жылдардың басында түсірілген. 

"1971 жылы Мәскеуден флотта қызмет еткен дос баламен кездестім. Ол үйленіп, әйелімен шәрбар айында келген. Біз оларды альпинистік лагерьге, тауға апардық. Кейін қала бойынша экскурсия жүргіздім. Сол кезде Ленин сарайы жаңа салынған еді".

Республика сарайы (бұрынғы Ленин). 1971 жыл. Достық даңғылы, Абай даңғылының қиылысы.

Бір күні Әлім Хайдаров фотоаппараттың арнайы функционалынсыз Каменский платодан түнгі қаланы түсіреді. Сол кезде қала қазірге қарағанда әлдеқайда кіші болған.

"Мен жауын-шашын радиолокациялық өлшеу экспедициясын өттім. Біз бұлт қуатының болайын деп жатқан жаңбырмен байланысын түсінуге тырыстық. Мен мамандығым бойынша локаторщикпін, бұлттарды түсіремін. Бір жолы түнде қала көруге шығып, суретке түсіруге ниеттендім. Ол кезде техникалық тұрғыдан қараңғыда түсіру қиын еді. Мен фотоаппаратты штативтің орнына қолдан жасалған тақталармен берік орнатып, алдыңғы фонды шаммен жарық қылдым, ал қала артқы фонда қалды", - деп еске алады фотограф.


Қалаға көрініс. 1971 жыл. 


ҚазССР Компартиясы ОК-ның бұрынғы ғимараты, қазіргі Алматы әкімдігі

Бағбан Бреусовтың үйі. Октябрьская көшесі (қазіргі Әйтеке би), Емелев (ағайынды Абдуллиндер) көшесінің қиылысы. Азаматтық соғыс жылдары мұнда 3-ші Түркістан дивизиясының саяси бөлімі орналасқан. Үйде жазушы Д.А. Фурманов тұрған және жұмыс істеген. Фото 1970 жылдары жасалған.

Верный гимназиясының оқытушысы Георгий Федоровтың үйі. Ол Қонаев көшесінде орналасқан. Үй XIX ғасыр ғимараттарының бірі.

Бұрынғы НКВД театрының ғимараты. Кейін ол орыс драма театрына айналды. Қазіргі мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры. Ғимаратты "Конструктивизм" стилінің сәулетшілері салды. Фото 1970 жылдарда түсірілген. 

Алим Хайдаров қазір кейбір ескі үйлер мен ғимараттарды суретке түсірмегеніне өкінеді, себебі қазір олар жоқ. "Көп ерекше құрылыстар қиратылды. Бірақ олардың орнына әрдайым сұлулығы мен маңыздылығы жағынан тең келетін ғимараттар салынбады. Ескі үйдің орнына кафе тұрғызылса да, менің ойымша, "бұл үйде мынандай белгілі адам тұрған" деп жазулары керек, - дейді Әлім Хәкімұлы.


Қоғамдық жиналыстар өткізетін ғимарат, Пушкин көшесі

Ол жастық шағында қаланың жанды, тыныш болғанына, ал балалар уақытын шынайы өмірден алшақтамай өткізгеніне қуаныштымын. "Ол кезді қуана еске аламын. Бала кезде ата-аналарымыз біз үшін қорықпаған, ал біз түнде қала сыртына қонуға шықсақ ойға жаман нәрселер келмейтін де. Сондықтан ата-аналар бұрын балаларына аса уайымдамай кез келген жерге жібере беретін. Бізде барлығы болды: үйірме, секциял, ойын-сауық пен басқа елдерге жолдама және бәрі тегін. Балалық шақ көңілді естеліктерге толы болды. Бірақ қазір, өкінішке қарай, балаларды гаджеттерден айыра алмайсың", - дейді Алматы тұрғыны.


Әлім Хайдаров

Автор: Бағдат Асылбек

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети