1. Басты
  2. Қара

Алматының көркем стрит-арт туындылары

Хамит Ерғали атындағы жағалаудағы белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің стрит-арт портреті. Бұл туындыны танымал "Тиграхауд" тобы салған. © Massaget Хамит Ерғали атындағы жағалаудағы белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің стрит-арт портреті. Бұл туындыны танымал "Тиграхауд" тобы салған. © Massaget
Бүгінде үй қабырғасына, көше қиылыстарына, көлік тұрақтарына немесе жолдың үстіне салынған суреттерге көзіміз үйреніп кетті. Қазір Алматы көшелерінен түсініксіз суреттер мен беймәлім жазуларды жиі кездестіреміз. Кейбіреулері көшенің көркін бұзып та тұрады. Ал сәтті шыққандары көшеге сән беріп шыға келеді. Стрит-арт пен граффити (екеуі екі бөлек екенін айта кеттік) асқан шеберлікпен салынса, халыққа ұнары да сөзсіз. Заманауи өнер түрі ретінде бағаланып жүрген көше суретшілерінің көркем туындылары кімнің болса да назарын аударары анық. Бүгін біз сіздерге Massaget.kz cайтының Алматы қаласындағы көше суретшілерінің көркем туындылары жайлы фоторепортажын ұсынбақпыз. Алматы көшелерінен ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көркемделген стрит-арт туындыларын жиі кездестіруге болады. Мұндай стрит-арттар түсініксіз мәндегі жазуларға қарағанда адам көзіне жылы ұшырайды. © Massaget

Алматы көшелерінен ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен көркемделген стрит-арт туындыларын жиі кездестіруге болады. Мұндай стрит-арттар түсініксіз мәндегі жазуларға қарағанда адам көзіне жылы ұшырайды. © Massaget

Қазақы ою-өрнектермен кескінделіп салынған суреттердің көбі 1-2 жыл бұрын салынған. © Massaget

Көбіне стрит-арт немесе граффитилердің "ғұмыры" ұзақ болмайды. Ол әрине көше туындысының көркемдігі мен мағынасына байланысты. Мәселен, мына суреттегі "Аэровокзал" қабырғасындағы стрит-арттың тұрғанына бірнеше жыл болған. © Massaget

Марқұм Батырхан Шүкеновке арналған сурет стрит-арт өнерінің үздік туындыларының бірі. Басты сурет пен бұл туынды Арбат маңындағы "Батыр қабырғасы" деп аталатын ғимаратқа салынған. © Massaget

Батырхан Шүкеновті танымал еткен әндердің бірі "Джулия" болатын. "Батыр қабырғасындағы" бейнеленген "Джулия" мен Батыр егіз ұғымға айналып кеткендей. © Massaget

Хамит Ерғали атындағы жағалаудағы белгілі суретші Әбілхан Қастеевтің стрит-арт портреті. Бұл туындыны танымал "Тиграхауд" тобы салған. © Massaget

Жағалаудан бұдан өзге де граффитилерді көптеп кездестіруге болады. Олардың ішінде түсініктілері де, түсініксіздері де бар. © Massaget

Кей көпір астына салынған суреттер алыстан "мен мұндалап" тұрады. © Massaget

Бір қарағанда көріксіздеу көрінетін стрит-арттың мән бере қарағанда көркі ашыла түседі. © Massaget

Жағалаудағы мына суретті түсіну қиындау. Мұны граффитидің озық үлгілерінің бірі деп есептеуге болады. © Massaget

Жағалаудағы "көңілді" стрит-арт смайликтер де жұртшылықтың назарын өзіне еріксіз аударады. © Massaget

Көпір астына жасырынған қасқыр. © Massaget

Жағалаулардан ғашықтық сезімді білдіретін түрлі граффити туындыларын кездестіруге болады. Ал мынау солардың бірі. © Massaget

Ағаш көлеңкесіндегі көркем туындылар. © Massaget

Жағалаудағы бұл суреттерге жүргіншілер жиі тоқтап, таңдай қағады. © Massaget

Оларға қараған "қыз" да таңырқап тұрғандай. © Massaget

ҚазҰУ маңындағы түсініксіз граффитилердің бірі. © Massaget

Ал мына граффити көше әрін кетіріп тұрғаны анық. (Суретті түсірген соң, бірнеше күннен кейін бұл суреттің орнында жоқ екенін байқадық). © Massaget

Көп қабатты үйлердің біріндегі граффити салатын бір топтың атауы. Ғажайып туынды деп айтуға келмейді. Жарнама үшін жасалған граффитилердің бірі. © Massaget

Шатыр астындағы көңілді күлегештер. © Massaget

Ал граффитилермен суретке түсу ерекше әсер сыйлап қана қоймай, суреттің сәтті шығуына да себеп болады. © Massaget

Құдды бір өсіп тұрған гүл секілді. Ал шын мәнінде сурет қана. © Massaget

Граффити салатын топтар жарнамамен де айналысады. "Gorilla" сусынын айшықтап тұрған көше туындысы. © Massaget

Байқасаңыздар, алдыңғы сурет пен осы суретте құлақ бейнеленген. Ғимараттардан да адам құлағының кескіндерін жиі кездестіруге болады. Басында бұл "құлақтар" қандай мағына береді деп қызыққанымыз рас. Кейіннен мұның да құпиясы ашылды. Бұл стрит-арт суретші Паша Кастың ойлап тапқан туындысы болып шықты. "Қабырғаның да құлағы бар" - деген мағынаны білдіреді екен. © Massaget

Осыдан бірнеше жыл бұрын Абай - Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы қария кескіні бейнелеген бұл граффити көздің жауын алатын. Ал қазір тозып жоғалудың аз алдында тұр. © Massaget

Асқан шеберлікпен салынған кескіндердің бірі. Абай мен Манас көшелері қиылысында орналасқан. © Massaget

Қала көшелеріндегі көп қабатты ғимараттардан мұндай суреттерді жиі кездестіруге болады. © Massaget

Стрит-арт пен граффитилер ең көп салынатын жерлер - көлік жүретін айналма көпірлердің маңайы. © Massaget

Суретті сазбен астастырған туынды. © Massaget

Көп қабатты ғимараттардың маңынан мұндай граффитилерді жиі кездестіруге болады. © Massaget

Қандай да бір ойды нақты көрсетпесе де, қанық суреттер көздің жауын алады. © Massaget

Ұлттық банк қоршауындағы граффитилер. © Massaget

Граффитиде суретшінің жеке «мені» көрініс табады. Оны өзгелерге түсіну қиындау. © Massaget

Көктөбеге шығар жолдың жиегіне де түрлі стрит-арт салынған. © Massaget

Бұл суреттер көне ескерткіштерден сыр шертетіндей. © Massaget

Олардың қатарынан домбыра мен қобызды, түрлі ою-өрнектерді көруге болады. © Massaget

Бұл стрит-артты кенептегі суреттен ажырату қиын. Бірақ арнайы спреймен емес, майлы бояумен салынғаны көрініп-ақ тұр. © Massaget

Ал мынау "мысықты" Көктөбенің қақ төрінен кездестірдік. © Massaget

"Әнші арыстанды" да осы маңнан кездестіре аласыз. © Massaget

Қала көшелеріндегі граффити суреттерінің бірі. Түсініксіз болса да, көшеге көрік қосқандай.  © Massaget

Жандосов көшесіндегі суретті көлікте кетіп бара жатып көзіміз шалып қалды. Бір қарағанда ашық түсті суреттер назарыңды аударғанымен, көрік беріп тұрғаны шамалы. © Massaget

Қала көшелерінің бірінде жасырынып тұрған "қоңыз" тәріздес жәндік. © Massaget

Стрит-арт немесе граффити арқылы көңіл-күйді де айшықтауға болады. Мына суретті соның айқын бір дәлелі ретінде бағаладық. © Massaget

Ал мына сурет мүлде өзгеше. Суретшінің жеке "мені" көрініс тапқан. Жанайқай сезілетіндей. © Massaget

Алматыда футбол жанкүйерлері көп екені анық. Танымал "Реал" мен "Барселона", және "Қайраттың" танымбелгілері қатар салынған граффитиді де кездестірдік. © Massaget

Абай-Момышұлы көшелерінің қиылысындағы ойынхана алдына салынған стрит-арт. Жаяу жүргіншілердің назары бұл суретке бірден ауатыны сөзсіз. © Massaget

Биыл жөндеу жұмыстарынан өткен Сайран көлінің маңайы да граффити туындыларынан ада емес. Бұл маңнан көптеп кездестіруге болады. © Massaget

Көше ғимараттарының біріндегі ару кескіні. © Massaget

© Massaget

© Massaget