20 шілде 2022 | 11:46

Астананың сіз байқамаған таңғаларлық келбеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Fading.TSE платформасының негізін қалаушы Теміртас Ысқақов Fading.TSE платформасының негізін қалаушы Теміртас Ысқақов


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан астанасы 24 жылдығын атап өтті. Бұған қарамастан қала тарихы бай. Оған Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы сәулет және өнер туындылары дәлел. Fading.TSE платформасының негізін қалаушы Теміртас Ысқақов Tengrinews.kz тілшілеріне Ақмоланың революцияға дейінгі ғимараттары мен қала Целиноград болған кезеңдегі таңғажайып мозаикаларды көрсетті.

Тарихи серуен XIX ғасырдың аяғынан басталады. Республика мен Абай даңғылдары қиылысына жол тартамыз. Бәлкім, ескі кірпіш қоршауға назар аударған боларсыз, онда жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енгізілгені туралы белгі бар.

"Бұл аймақта 100 жыл бұрын татарлар өмір сүрген. Бұл жерді тіпті халық арасында "татар қонысы" деп атаған. Ол жасыл мешітті қоршап тұр, оны татарлар мешіті деп те атайды. Содан кейін онда Пионерлер үйі болды. Ғимарат бұзылған кезде, оның орнына тұрғын үй салынды", - дейді Теміртас.

Айта кетерлігі, бұл ғимарат бір кездері мешіттің төбесі сияқты жасыл түске боялған. Бұл кездейсоқтық па, әлде тұрғындар бір кездері осында тұрған діни нысанға құрмет көрсетуді ұйғарды ма, белгісіз.

Жолдың арғы бетінде тағы бір қоршау бар, оның тарихын білетіндер аз. Жартысы қираған, қалғаны қазір көлікжайдың бір қабырғасы.

"Бұл көпес Вали Кощегуловтың қоршауының қалдығы. Мұнда бірнеше нысан болған. Үй бұзылды, бірақ түтін шығаратын қойма біраз уақыт тұрды, содан кейін "Заря" кинотеатры орналасты. 50-жылдары қалада тұрғандар, бұл кинотеатрды білуі керек. Республика даңғылы салынып жатқанда ол бұзылды. Тек қоршаудың осы бөлігі ғана қалды", - деді Теміртас.


Вали Кощегуловтың үй-жайы, сурет: Fading.TSE платформасы мұрағатынан

Отырар көшесінде ағаш үйден салынған екі бір қабатты үйді көруге болады.

"Бұл ғимараттарда біріккен мұражайлар дирекциясы орналасқан. Бастапқыда бұл Көк мешіт жанындағы екі медресе болған - біреуі ұлдарға, екіншісі қыздарға арналған. Олар XIX ғасырда салынған", - деп түсіндірді зерттеуші.

"Бұл жерде бір қызық жайт бар: неге екені белгісіз, ғимараттардың бірі республикалық маңызы бар ескерткіш, екіншісі - жергілікті. Неге бұлай екені түсініксіз. Студент кезімде бұл ғимараттардың өлшемдерін алғанбыз. Ол кезде қорқынышты жағдайда болған еді. Қазір олар қалпына келтірілді, өте әдемі көрінеді", - деп қосты ол.

Теміртас бірнеше жылдан бері қаланың өткенін зерттеп, мұрағат деректерін жинап келеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына үнемі экскурсия өткізеді.

Осы көшелердің бәрін Теміртас бір емес, бірнеше рет жүріп өткен. Бірақ ол әр жолы жаңа нәрсеге куә болатынын айтады.

Бұл ғимарат та XIX ғасырдың ғимараты, бірақ ол ескерткіштер тізімінде кездеспейді. Ол Байқоңыр ауданы әкімдігі аумағында орналасқан.

"Бұл көпес Хұсайын Бегiшевтiң сауда қоймасы болатын. Ол кезде Шестаковтың механикалық диiрменi болған. Қазір бұл ғимарат қосалқы құрылыс ретінде пайдаланылады", - дейді Теміртас.

Біз революцияға дейінгі қаладан "Целиноград" кезеңіне өтеміз.

Қараөткел зиратының жанындағы панельді үйлердің бірінде ерекше деталь бар. Мұндағы балкондар газ плиталарының қақпақтарымен қапталған.

"Қалада газ жабдықтарын шығаратын зауыт болды. Онда пештер жасалды. Оларда газ баллондарына арналған бөліктер болды, кейін оларды көпқабатты үйлерде пайдалануға тыйым салынды. Сатуға болмайтын жаңа пештер керексіз болып қалды. Оларды пайдалану үшін ерекше шешім табылды. Бұны өнеркәсіптік дизайн деуге болады", - деп түсіндірді зерттеуші.

Бұл ғимараттар маңында бұрынғы "Мехколонна-56" кәсіпорнының аумағында орналасқан "Пальмира" дәмханасы бар. Ол бұрын корпоративтік асхана болған. Ондағы үлкен мозаика КСРО кезінен бері сақталған.

"Бұл суретшілер Василий Товтин мен Михаил Антонюктің жұмысы. Онда Қазақстанның көпұлттылығы, дастархан, салауатты ұлт бейнеленген. Көрдіңіз бе, олар мұнда ежелгі грек спортшылары сияқты бейнеленген. Электр желілерін "Мехколонна-56" кәсіпорнына сілтеме ретінде де қарастыруға болады. Бұл кәсіпорын кезінде Целиноград, Торғай, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған облыстарының көптеген шаруашылығын біртұтас мемлекеттік энергетикалық жүйеге қосты. Жалпы, Қазақстанды электрлендірумен, болашақ астананың энергетикалық саласын дамытумен айналысты", - деді ол.

Теміртастың айтуынша, мұндай шығармаларда сол кездегі суретшілер қиялына ерік беріп, қатаң цензурасыз сюжетті жеткізе алған. Мозаика компанияның тапсырысы бойынша салынғандықтан, ол ғимарат ішінде орналасқан.

Сыртта, ғимараттың қабырғасында да мозаика бар. Өкінішке қарай, ол біртіндеп шашылып жатыр.

"Жұмысты сол суретшілер жасаған. Электр желілері мен сымдарды алып бара жатқан жұмысшылар бейнеленген. Кейін 90-жылдары бұл сымдарды ұрлап кеткен, ал 60-жылдары осындай жұмысшылар орнатқан", - деп күледі Теміртас.

"Мозаика жасалатын материалды смальт деп атайды. Бұл көркем шыны, ол құйылып, ұсақ фрагменттерге бөлінеді. Кеңес дәуірінде бұл материалды жасаумен айналысатын арнайы зауыттар болды. Қазір іс жүзінде жоқ. Мұндай кәсіпорындар бұрынғы КСРО аумағында қалды. Қазір мұндай жұмыс өте қымбатқа түседі", - деп түсіндіреді Теміртас.

Ал мынау көпшілікке белгілі "Рахат" моншасы.

"Бұрын моншалар өте танымал болған. Әр ауданның өз моншасы болды, тіпті бірнешеуден. Бұл 70-80-жылдардағы типтік ғимарат. Негізгі белгі жаңартылғанымен, кеңестік стильде жасалған. Қазір мұндай шрифтті қаладан табу екіталай. Кеңестік кезеңнің графикалық дизайны өте керемет болғанымен, оны бағаламайтынымыз өкінішті", - дейді зерттеуші.

"Қазпошта" орналасқан ғимаратта бұрын Целиноградтың бас поштасы болған. Ғимарат 1966 жылы салынған.

"Ішінде қазақ қызы, еуропалық, афроамерикалық және көгершіндер бейнеленген мозаика болды. Бұл әлем поштасын бейнелейді. Бұл мозаика қазір қапталған. Ол сақталды ма, әлде бүлінді ме, білмеймін. Өкінішке қарай, қазір мұны тексеру мүмкін емес", - деді Теміртас Ысқақов.

Бұрын ғимарат сүреттегідей болған.


Сурет: Fading.TSE платформасы мұрағатынан

"Турист" қонақүйіндегі мейрамхана кіреберісіндегі витраждарға назар аудардыңыз ба? Бұл "Целинное поле" деп аталатын композиция.

Витраж ішкі жағынан да (сыртында жарық болған кезде) де, сыртында да (кешке және түнде, іште жарық жанып, сырты қараңғы болған кезде) жұмыс істейді. Мұндай витраждарды жасау өте қиын болады. Суретші нобайын салып, бөлшектерді сызып, содан кейін әрбір фрагмент зауытта қолмен құйылды. Бұл фрагменттердің өрнектері мен текстуралары әртүрлі, сондықтан қанықтылық бар және жарық әртүрлі сынып, шашырайды", - деп түсіндіреді Теміртас.

Енді "Өркен" бизнес орталығына ауысамыз. Ғимаратқа кіреберістің екі жағында екі бедерлі мозаика бар. Бұл Қазақстандағы жергілікті маңызы бар ескерткіштер тізіміне енген жалғыз мозаика. Ғимараттың өзі бұл тізімге енбеген.

"Оң жақтағы "Космос" деп аталады. Ғимараттың өзі жаңадан қапталған, бірақ мозаика сақталған", - дейді Теміртас.

"Бұл мозаика "Печать" деп аталады. Бір қызығы, онда кеңестік газеттердің аттары көрсетілген, бірақ қазір олар боялған. Мен мозаика авторларының бірінің ұлымен сөйлестім, ол оң жақта бейнеленген қыздардың бірі Томирис патшайым екенін айтады", - деп бөлісті зерттеуші.

Ғимарат жөндеуге дейін осындай болған.


Сурет: Fading.TSE платформасы мұрағатынан

Теміртастың Fading.TSE платформасы Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен тарих және мәдениет ескерткіштерінің қоғамдық мониторингімен айналысады.

Зерттеуші Қазақстанның астанасында осы нысандарды сақтау өте маңызды деп санайды, өйткені бұл жұмыстардың тарихи, көркемдік және технологиялық құндылықтары бар. Олар бізге белгілі бір уақыт аралығында қолданылған материалдар мен технологиялар туралы баяндайды.

Мәтін: Иван Сухоруков. Сурет: Тұрар Қазанғапов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети