1. Басты
  2. Қара

Балқашта желкенді регата жарысы басталды

  • 0
Күннің аптап ыстығында жарысқа қатысушылар ең алдымен Балқаштың суына шомылып алуды жөн көрді. Көлге түскен адамдардың арасынан тұзды судың қандай болатынын енді көріп таңғалып жатқандар да болды. Күннің аптап ыстығында жарысқа қатысушылар ең алдымен Балқаштың суына шомылып алуды жөн көрді. Көлге түскен адамдардың арасынан тұзды судың қандай болатынын енді көріп таңғалып жатқандар да болды.
Алматы облысының Сарқан ауданына қарасты "Лепсі" өңірінде "Желкенді регатамен" жарыс басталды. Облыс әкімінің атымен берілген 2015 жылғы халықаралық турнирдің түрлі қызығы мен жарыстың қалай өтіп жатқаны жайлы Massaget.kz сайты фоторепортаж жасады. Кейбір қайықтар ұзап кеткенімен, желдің жылдамдығы күшейіп, желкенді дұрыстауға мүмікіндік бермей, бір-екі катамаран жарыс жолына кештеу түсті.

Кейбір қайықтар ұзап кеткенімен, желдің жылдамдығы күшейіп, желкенді дұрыстауға мүмікіндік бермей, бір-екі катамаран жарыс жолына кештеу түсті.

Таңның атысымен заттарын қайықтарына жайғастырған спортшылар жарыстың басталар сәтін асыға күтті.

Жарыс қорытындысы жиырмасыншы маусым күні белгілі болады. Балқаш көлінің бес жеріне барып, соңын лепсімен аяқтайтын спортшыларымыз 250 км жолды бағындырады. Ұзақ жолға шыққан спортшыларға біз де сәттілік тіледік.

Күннің аптап ыстығында жарысқа қатысушылар ең алдымен Балқаштың суына шомылып алуды жөн көрді. Көлге түскен адамдардың арасынан тұзды судың қандай болатынын енді көріп таңғалып жатқандар да болды.

Көлге шомылып көңілдері орнына түскен спортшылар ыстық құмның үстіне шатыр тіге бастады.

Жарыс басталмай тұрып көлдің бетімен бір жүріп өтуді қалағандар қайықтарынан басқа ештеңеге назар аудармай іске кірісті.

Жарысқа қатысқан катамарандардың көлемдері мен түрлері әртүрлі болды.

Спортшылардың арасында әйел капитан да болды. Ол өзінің экипаждарына бағыт-бағдар беріп, жасалған әрбір жұмыстың мұқияттылығын бір тексеріп, көл бетіне жүзуге кетті.

Желкенді регата жарысына қатысу үшін катамараныңыз желдің соғу жылдамдығымен ғана қозғалу керек.  Алайда кейбір спортшылар арнайы қайық моторларын қондырып алған. Жарыс кезінде мотор қолданылғанын білетін болса, тиісті жаза қолданылады. Ал, спортшылардың айтуынша, бұл мотор теңізден жағаға жылдам жету кезінде, болмаса, жағадан судың біраз жеріне жетіп алу үшін қолданылады.

Кештің керемет көрінісіне тәнті болған спортшылар масадан қорғанатын дәрілерді пайдаланып, тыныштықта ас ішуге кірісті. Алда әлі тағы бір бос күннің бар екенін еске алған олар жан-жақтан жиналған жамағатпен әңгіме-дүкен құрып болғаннан кейін өз шатырларына барып ұйқыға кетті.

Жарыстың басталуына бір күн қалғанда облыс әкімдігі мен Сарқан ауданының әкімшілігінің адамдары келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қазақтардың қонақжайлығын алғаш көріп, риза болған Ресейден келген қонақтар өздерінің алғыстарын да жеткізіп жатты. Келер жылы болса тағы келетіндіктерін де жасырмады.

Ресейден келген қонақтардың арасынан мұхитқа шыққандар мен жер шарын катамаранмен айналып өткен капитан да табылып жатты. Көптен бері саяхаттап келіп демалып қайтатын кейбір көршілес елдің азаматтары біздің көлден де керемет әсер алуға болатындығын жеткізді.

Жарысқа қатысушылар үшін судың қауіпті екенін ескерген ұйымдастырушылар қауіпсіздік үшін арнайы параход әкелген.

Таңғы сағат 9:00-де желкенді регата жарысы басталды. Жағадан жылдам өтіп, судың ортасына асыққандар бар күшін салып бірінші кетуге ұмтылды.

Бір-бірінің бағытына бөгет болмас үшін белгілі бір ара-қашықтық сақтап жүрді.