1. Басты
  2. Қара

Батыр рухына тағзым

Талғат Бигелдинов. Майдандағы фотосурет. ©iremember.ru Талғат Бигелдинов. Майдандағы фотосурет. ©iremember.ru
Даңқты ұшқыш, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов Алматыда 93 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Талғат Бигелдинов 1922 жылы 5 тамызда Ақмола облысында дүниеге келді. Оның балалық және жастық шағы Бішкекте өтті. Болашақ ұшқыш 16 жасында аэроклубқа оқуға түседі. Кейін Саратовтағы, Чкаловтағы ұшқыштар мектебінде білімін жетілдіріп, біліктілігін шыңдады. 1943 жылдың қаңтарында Калинин майданына алынады, оған 296-дивизияның 800-ші шабуылдаушы авиациялық полкының Ил-2 шабуылдағыш ұшағының тізгіні беріледі. 1944 жылдың қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын жаудан азат етуде ерлік пен әскери шеберлік көрсеткені үшін және жаудың төрт ұшағын атып түсіргені үшін аға лейтенант Бигелдинов Кеңес Одағының Батыры атағы атанды. Осы уақытқа дейін ол әуеде 200-ге жуық әскери тапсырманы орындаған болатын. Даңқты ұшқыш Берлинді азат ету үшін болған ұрысқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған Кеңес Одағының Батыры атағы екінші рет берілді. Аты аңызға айналған Талғат Бигелдинов барлығы 305 әскери ұшуды іске асырды. 2012 жылы авиация маршалы Александр Ефимов өмірден өткеннен кейін ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алғандардың арасында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін "Алтын Жұлдызды" иеленген көзі тірі жалғыз адам болған еді. ҚР Әуе қорғанысы күштерінің Ақтөбедегі әскери институтына даңқты батырдың есімі оның көзі тірісінде-ақ берілді. Талғат Бигелдинов. Майдандағы фотосурет. ©iremember.ru

Талғат Бигелдинов. Майдандағы фотосурет. ©iremember.ru

Әйгілі ұшқыш, 300-ден астам әскери ұшуды орындаған Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов. 1995 жыл. ©РИА Новости

144-ші Гвардиялық шабуылдаушы әуе полкының жетекші ұшқыштары, 1944 жыл. Сол жақта екінші тұрған - Талғат Бигелдинов. ©patriotcenter.ru/Andrey_18

Әуе полкының "найзағайлы" Ил-2 ұшағы. ©patriotcenter.ru/Andrey_18

Германия аспанындағы Ил-2 шабуылшылары. ©ribalych.ru

"Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында" атты фильмнің эпизоды түсіріліп жатыр. Жас офицерлердің Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновпен кездесуі. 1985 жыл. ©РИА Новости

Талғат Бигелдинов Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағындағы Жеңіс күнін мерекелеу кезінде. ©ribalych.ru

"Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында" фильмінің түсірілімі. 1985 жыл. ©РИА Новости

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Азаматтық әуе флотының Қазақ аумақтық басқармасы басшысының орынбасары Талғат Бигелдинов. 1960 жыл. ©РИА Новости

Батыр бейбіт күн балаларының ортасында. ©ribalych.ru

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов. Фотокөшірме. 1975 жыл. ©РИА Новости

Батыр Бигелдинов Алматыдағы Республикалық оқушылар сарайының жас ұшқыштар үйірмесі мүшелерімен бірге. 1985 жыл. ©РИА Новости

Талғат Бигелдинов (оң жақта бірінші) 2011 жылдың 9 мамыры күні Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшы саябағында Жеңіс мейрамын тойлау кезінде. ©Ярослав Радловский