1. Басты
  2. Қара

Еуропаға емдік суымен таныс Хевиз көлі

  • 0
Massaget.kz тілшісі Венгриядағы емдік жерлерге және Будапешт қаласына саяхат жасады.Журналист алғашқы танысқан өлке Хевиз көлі болды. Таңғажайып мекен емдік суының арқасында күллі Еуропаға таныс. 47 500 шаршы метр жерді алып жатқан табиғи ыстық су 28 сағат бойы жер астындағы қайнар бұлағы арқылы жаңартылып отырады. Жаз мезгілінде судың температурасы +33, +34 градусқа дейін жетсе, қыста +26, +28 градустан төмен түспейді екен. Көл маңайында арнайы емдік сулары бар демалыс орындары жетерлік. Бұл маңда негізінен 4000-ға жуық адам күнделікті тіршілігін жасаса, жаз мезгілінде туристер келуінің арқасында 12000-ға жетіп жығылады екен.
Айта кетейік, Мажарстан мемлекетіндегі керемет мекендерге "Turkish Airlines" компаниясы үлкен тур ұйымдастырды.Фотобаянды дайындаған және суреттерді түсірген Бауыржан Жақсымбет.

Хэвиз көлі сізді ең алдымен тамаша табиғатымен қарсы алады. Орманды алқап жылдың қай мезгілінде келсеңіз де көңіліңізді бірден баурап алады. Сонымен қатар мұнда жабайы жануарлардың да сан алуан түрі кездеседі. Жыртқыш аңдар қатары сирек болғанымен бұғы, елік, тиін, қабан, шошқа сынды сирек кездесетін табиғаттың еркін жан-жануарларын көлікпен жүріп те жол жиегінен кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Негізінен келуші туристермен қатар осында өмір сүретін адамдардың көбі егде жастағылар. Күз мезгілінде кеш құрым серуенге шықсаңыз, анда-санда қыдырып жүргендерді байқайсыз. Ал күндіз дүкендерді аралап немесе көлге қарай сөмкесін арқалаған адамдар қалаға өң кіргізеді.

Назарларыңызда Хэвиз көліне кіретін есіктердің бірі. Келуші жандардың ыңғайына байланысты, әр бұрышынан бір-бір есіктен жасап қойған. 35 еуро төлеп кіресіз де, үш сағат емін-еркін аралап жүре бересіз.

Тарихи құндылықтарды қатты қадірлейтін Венгр халқы Отан үшін отқа түскен жандар мен жері үшін, елі үшін аянбай еңбек еткен абзал азаматтарға ескерткіш қоюды назардан тыс қалдырмағаны бірден көзге түседі.

Жақын маңнан табылған құнды жәдігерлерді сақтап, әрі келген туристерге көрсететін орташа көлемдегі мұражай. Қарапайым қабырғалардың өзін ағаштан жасалған тамаша суреттермен өрнектеп, тартарлық етіп сәндеп қойған.

1855 жылы Мажарстан Ғылым Академиясының Президенті болған белгілі тұлға Деак Ференстің мүсіні өзенге барар жолға қойылған.

Көне велосипедті ақпен бояп, қасына түймедақ гүлін өсіріп тамаша естелік жасап қойған екен. Жол бойында кетіп бара жатқан жандар таңырқай қарап, тіпті суретке түсіп жатады.

Ал мынау арнайы қаржымен уақытша алынатын жалдамалы велосипедтер. Қала кішірек болғандықтан, келген туристерге мұнымен аралау оңай әрі тиімді.

Түнгі аялдама. Біраз уақытта артта қалдырған бұл мекеннің көрігін бір ғана шам келтіріп тұр. Ішіндегі салынған суреттер бұрынғы мажар халқының шаруашылығын бейнелейді.

Демалыс саябағының ортасындағы су бұрқақ. Маңайы өлі тыныштық әрі әсем көріністерге бай.

Жақын балтика елдерімен қатар Ресей аумағынан келетін туристердің де көптігінен мұнда орысша сөйлесетін орындар да бар. Шет елге шығу үшін тілдік кедергіден аса алмай жүрген жандардың үрейін басып, түсінісіп кететінін осылай жеткізе білген екен.

Әрбір шетелге шыққан турист өз үйіне, туған-туыстарына сый-кәде алып баратыны белгілі. Кішкентай Хэвиздің керемет қол-өнер туындылары мен мажар халқын таныстыратын бұйымдар мына бір кішкене көшені тұтастай алып жатыр.

Жалдамалы пәтерлерден бастап, бес жұлдызды қонақ үйге дейін көлдің жағасында салынған. Қалтасына қарай ыңғайлы орынды таңдайтындар бағасына сәйкес демалады.

Егер сіз түрлі процесстер мен дәрігердің қарауына баратын болсаңыз, міндетті түрде мейманханадан орын алғаныңыз абзал. Сонымен қатар, толықтай медициналық емдік пакетті сатып алсаңыз, онда барлық жағдай жасалады.

Табиғи ыстық суға 20 минуттан артық түсуге болмайды. Судың құрамындағы күшті элементтер ағзаңызға кері әсер етуі мүмкін. Негізінен демалушыларға орташа есеппен 20 минуттан түсіп, араға үзіліс салып бір күнде бір жарым-екі сағат ем қабылдауға кеңес береді.

Тұздан жасалған бөлме. Теріңіздегі кішкентай клеткалардың жақсы жұмыс жасауына көмектеседі.

Мұнда арнайы отбасымен келуге арналған демалыс орындары. Балаларға барлық мүмкіндік жасалып, ересектердің де алаңсыз демалып, емделуіне жағдай жасалған.

Жер астынан өздеріне арнап табиғи суды шығарған қонақ үйлер арнайы бассейіндер салып келушілерге тамаша жағдай жасаған.

Денсаулығыңыз сыр беріп немесе суық күннен қорықсаңыз жабық бөлменің ішіндегі бассейінге барсаңыз болады.

Мұнда адамдар ем қабылдап қана қоймай, бір мезгіл таза ауада демалады. Сол үшін саябақтар мен орманды жерлерге жол жасап, арнайы орындықтар қойған екен.

Көптеген қонақ үйлердің ішінде фитнес залдары орнатылған. Дәрігердің айтуы бойынша емделушілер әртүрлі жаттығулар жасап тұрады.

Әрбір қонақ үйдің есік алдында тамаша қуыршақтар мен түрлі гүлдер немесе сувенирлер тұрады.

"Бір күн біліс, екі күн таныс" дегендей, бір-бірімен етене араласып кеткен қонақ үй тұрғындары осында келіп емін-еркін әңгімелесіп отырады.

Ыстық табиғи суға түсіп қана қоймай, ішіп көрсеңіз де болады. Ол үшін арнайы құбырлар жасалған.