12 маусым 2018 16:58

Қаратау бөктеріндегі "Кіші Швейцарияны" білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай 30 шақырымдай қашықтықтағы қарт Қаратаудың етегінде былайғы жұрт "Кіші Швейцария", "Кіші Париж" атап кеткен бір шаһар бар. Ойпаңға орын тепкен бұл қаланың климаты көршілес Түркістаннан мүлдем өзгеше. Қысы тым қытымыр емес, ал, жазы жанға жайлы. Сондықтан болар Түркістан тұрғындары мен Ахмет Яссауи университетінде білім алатын шетелдік жастар шілде, тамызда осылай ағылып, осы шағын шаһарда демалғанды ұнатады.

Әсіресе, көктем, жаз айларында таудағы қар мен мұздықтан бастау алған бұлақтар  етектегі жасыл алқапқа құйылып, моноқаланың су үстіндегі сұлу келбетін қалыптастырады.

Әу баста, Ащысай кен орнын дамыту негізінде пайда болған кент "Мірғалымсай" атанса, кейіннен тау қойнауындағы қазба байлықтарды өндіретін кен орындарының көптеп ашылуымен "Кенді қала" атанып кеткен. Тіпті, кезінде бүкіл Кеңес Одағын қорғасын, мырышпен қамтамасыз етіп, неміс шапқыншыларына қарсы атылған он оқтың  жетеуі осы мекенде өндірілгендігін кез келген шаһар тұрғыны аңыз етіп айтып бере алады.

Бүгінде бар ғұмырын кен өндіру ісіне арнаған ардагерлердің құрметіне шаһардың Абай даңғылында "Кеншілер аллеясы" салынған. Онда кезінде кен өндіруден рекорд орнатып, қаласының қабырғасы қалануына үлестері мол жандардың ескерткіштері қойылған. "Бұл нысан өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке баулу мақсатында жасалынған", - дейді шаһар басшысы Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Біз жоғарыда қысқаша сипаттама беріп өткен бұл мекен елімізде шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген 27 шаһардың бірі. Әрі Оңтүстік Қазақстан облысындағы жалғыз моноқала - КЕНТАУ.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласы өзгелерге ұқсамайды. Оны қазақтың кемеңгер перзенті, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов "Кентау - Қаратау тәжі" деп бекерге атамаған. Ең бастысы, қала халқының бойында қалыптасқан менталитет бөлек. Міне соның дәлелі қала кәсіпкерлерінің туған қаласына сыйлық ретінде тұрғызған "Қаратау тәжі - Кентау" сәулеттік кешені.

Күнгей өлкенің тау-тасынан тартып, әр түп ағашына дейін тарихтан сыр шертеді. Соның бірі Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы. Имам Бақли мазарында орналасқан діңі берік алып дараққа алты адамның құшағы әрең жетеді.

Аңыздарға жүгінсек бұл тұт ағашын ғұлама діндар Имам Бақли отырғызған десе, енді бірі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әскер басылары осы тұстан өтіп бара жатып тұт ағашының шыбығын жерге қадап кеткен деседі-мыс.
Алғашқыда екі түп болған тұт ағашының бір түбін балалар от жағып ойнап жүріп байқамай өртеп жіберіпті. Сонан кейін ауыл тұрғындары тарихи құндылықты көзінің қарашығындай қорғауға алған. Жыл сайын ғасыр ағашын тамашалауға алыс-жақыннан келетін қонақтардың  қарасы қалың көрінеді.

Аңыздарға жүгінсек бұл тұт ағашын ғұлама діндар Имам Бақли отырғызған десе, енді бірі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) әскер басылары осы тұстан өтіп бара жатып тұт ағашының шыбығын жерге қадап кеткен деседі-мыс. Алғашқыда екі түп болған тұт ағашының бір түбін балалар от жағып ойнап жүріп байқамай өртеп жіберіпті. Сонан кейін ауыл тұрғындары тарихи құндылықты көзінің қарашығындай қорғауға алған. Жыл сайын ғасыр ағашын тамашалауға алыс-жақыннан келетін қонақтардың қарасы қалың көрінеді.

Бір қызығы, Кеңес заманында құрылған шағын шаһардың архитектурасында еуропалық ерекшелік менмұндалайды. Ғимараттар мен даңғылдардың бөлінісі айқын, өз ретімен орналасқан. Тіпті, шағын көшелеріне дейін бағдаршамдар қойылған.

Кенді қаланың тізгінін ұстаған басшы Әбдібақыт Тіллабайұлы Мақұлбаев төрт жыл ішінде не тындырды? Әрине, экономикалық өсім мен инвестор тартудан бөлек агроном әкім жасыл желекті өңірдің орман белдеуін ұлғайта түсті. Қайнаған қаланың "өкпесі" саябақтар мен аллеялар екендігін сезініп, осы бағытта жұмыс істеді. Еңбегі өтелді, жемісі көрінді.

Қала қонақтарына мақтанып айтар дүние көп-ақ.  Әрине, бірден ірілерінен бастайық. Бұл күнде Кентауға келіп отандық өнім туралы сөз бастар болсаңыз, а дегеннен Кентау трансформаторлары еске түседі.
Иә, бүгін ашылып, ертең айналымға түсе алмай не нарықтық бәсекеге төтеп бере алмай жабылып жатқан зауыт-фабрикалар қаншама? Ал Кентау трансформатор зауытының жөні бөлек.

Қала қонақтарына мақтанып айтар дүние көп-ақ. Әрине, бірден ірілерінен бастайық. Бұл күнде Кентауға келіп отандық өнім туралы сөз бастар болсаңыз, а дегеннен Кентау трансформаторлары еске түседі. Иә, бүгін ашылып, ертең айналымға түсе алмай не нарықтық бәсекеге төтеп бере алмай жабылып жатқан зауыт-фабрикалар қаншама? Ал Кентау трансформатор зауытының жөні бөлек.

Кентауда моноқала бағдарламасы аясында бұқаралық спортты дамыту үшін көптеген нысандар салынған. Онда жазғы, қысқы спорт түрлері бойынша жаттығуға жағдай жасалынған. Қазірдің өзінде шаһарда оншақты спорт секциялары жұмыс істеп тұр. Тіпті, көпқабатты тұрғын үйлердің 10 ауласына "Стритбол және воркаут" спорт алаңшалары орнатылып, жастардың сүйікті спорт түріне айналуда.

Қалада әуелі тұрғындардың демалысы мен еркін қозғалы үшін жағдай жасалынуы шарт. мұндай мүмкіндік бұл шаһарда көптеп кездеседі. Кентаулықтардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналған бұл нысан ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған тәуелсіздік тұғыры іспетті сәулеттік

Кентау қаласының іргесінде Хантағы деген ауыл бар. "Хантағы" туралы аңыздар көп. Соның көп таралғаны қарақан басын ойлаған ханның улы қарақұрттан қорғану үшін тау басына тастан салдырған тағының атымен байланысты. Аңыздың ақыры трагедиямен аяқталады. Елден бөлінген дара билеуші ажалдан қанша қашса да құтылмайды. Ас-ауқат таситын даяшысының бөркіне жабысқан ажал кейпіндегі қарақұрт тағынан тапжылмаған әміршіні шағып өлтіріпті-мыс.

Хош, кезінде озбыр хан ғұмыр кешкен бұл тау бөктерінде бүгінде 6 мыңнан астам қараша халық мекендейді. Көне Хантағыда мемлекеттік бағдарлама аясында жаңарту жұмыстары басталған. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған Ащполиметалл комбинатының ескі ғимараты жаңаланған.
Кеңес Одағынан жөндеу көрмеген орталық алаң да ретке келтіріліпті. Мұнда да аллеялар ашылған. Бір сөзбен айтқанда аядай ғана ауыл  түлеп келеді.

Хош, кезінде озбыр хан ғұмыр кешкен бұл тау бөктерінде бүгінде 6 мыңнан астам қараша халық мекендейді. Көне Хантағыда мемлекеттік бағдарлама аясында жаңарту жұмыстары басталған. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға өткен ғасырдың 40-шы жылдары салынған Ащполиметалл комбинатының ескі ғимараты жаңаланған. Кеңес Одағынан жөндеу көрмеген орталық алаң да ретке келтіріліпті. Мұнда да аллеялар ашылған. Бір сөзбен айтқанда аядай ғана ауыл түлеп келеді.

Хантағы ауылының экс-әкімі Самат Әбдімүтәліұлы Расұл.

Білім беру саласы бойынша Кенді қаланың көрсеткіші көңіл көншітерлік. Тіпті, былтыр осы салада облыста көш бастады. Мұның себебі бастауыш, жалпы, орта білім беру мекемелеріндегі жүйелі білім мен жақсы шарт-жағдай болса керек.
Бір ғана мысал,  екі мыңға жуық халқы бар Байылдыр ауылында 200 орындық мектеп жыл сайын қаншалаған «Алтын белгі» иегерлері мен озат түлектерді баулып түлетуде

Білім беру саласы бойынша Кенді қаланың көрсеткіші көңіл көншітерлік. Тіпті, былтыр осы салада облыста көш бастады. Мұның себебі бастауыш, жалпы, орта білім беру мекемелеріндегі жүйелі білім мен жақсы шарт-жағдай болса керек. Бір ғана мысал, екі мыңға жуық халқы бар Байылдыр ауылында 200 орындық мектеп жыл сайын қаншалаған «Алтын белгі» иегерлері мен озат түлектерді баулып түлетуде

Мұнда балалардың кедергісіз білім алуына барлық жағдай қарастырылған. Мәселен, салқын, ыстық су, интерактивті тақталар, спорттық залдар, ұл-қыздарға арналған еңбекке баулу құрылғылары мен бақылау бейне камералары орнатылған.

"Шаһар халқының өсім көрсеткішіне қарай алдағы уақытта білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау нысандары көптеп салынады",-  дейді шаһар мэрі. Бұл бағытта қала әкімдігі тарапынан зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттар дайындалып жатыр екен.

"Қала тұрғындары үшін ең басты мәселе - баспана. Биыл моноқалада 2 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, аяқталуға таяу. Нәтижесінде жуық арада 120 отбасы баспаналы болмақ. Сонымен қатар, 74 мөлтек ауданының 142 тұрғын үйіне инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына қарай 5 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 300 отбасы баспанамен қамтылатын болады", - дейді Әбдібақыт Тілләбайұлы.

Еліміз үшін адам капиталы ең үлкен байлық. Бұл тұрғыдан демографиялық өсім мен адам денсаулығына басымдық қажет. Сондықтан, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметі тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс. Осы мақсатта жергілікті билік қала іргесінен аусымына 500 адамды қабылдайтын жедел жәрдем стансасы бар қалалық емхана құрылысын салуда. Қазіргі таңда ондағы жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Кеңестен мұра қалған бірқатар иесіз әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді.

Халықты көгілдір отынмен  қамту үшін моноқала мен оған қарайтын ауылдарда газдандырудың алғашқы кезеңі, яғни құбыр тарту жұмыстары басталды.

Қысқаша, Қаратау бөктеріндегі «Кіші Швейцарияның» тыныс-тіршілігі осылай...

Автор: Нұршат ТӨКЕН

Фото: Мақсат ШАҒЫРБАЕВ

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

448.12   483   4.85

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети