1. Басты
  2. Қара

Қарқара көтерілісінің 100 жылдығынан фотобаян

  • 0
Мұхтар Әуезовтiң "Қилы заман" романына арқау болған Қарқара көтерілісіне биыл 100 жыл толып отыр. Қарқара - Жетісу облысының Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықаралық жәрмеңке орталығы болатын. Осы орайда Massaget.kz сайтының тілшілері ас берілген ауылдан арнайы фоторепортаж ұсынады."Белгілі 1916 жылдың жазы еді. Жаз жауынды, мол сулы, қалың шалғынды, қызықты, қалың Албанның ертегідей бай сұлу жайлаулары: Үш Меркі, Дөңгелек саз, Үш Қарқара, Сырт, Лабас, жайлау күндерінің жасыл торғын шымылдығы, көк жібек бесігі сияқты. Тіршілік, молдық, бақыт, байлық қызуымен буы аспанға шығып жатқан өмір жәрмеңкесін көрсеткендей. Жаз күндерінің жарастығы мен қызығы қыр баласын мас қылғандай жалынды, желікті. Шалқыған, көрнекті, мол дүниенің тірі пішінді белгісі сияқтанып Қарқара жәрмеңкесі қайнап жатқан", - деп басталатын Мұхтар Әуезовтiң "Қилы заман" романына арқау болған Қарқара көтерілісіне биыл 100 жыл толып отыр.

Осыған орай Алматы облысы Райымбек ауданында ел үшін, жер үшін қаза болған батырлардың рухына бағышталған үлкен ас берілді. Қарқара аумағы - көз тартатын тау бөктеріндегі кең жайлау. Бұл мекен таңға­жайып табиғаты, сеңгір-сеңгір асқар тауларымен ғана емес, ғасырлар бойы қойнына құпиясын сақтап жатқан жәдігерлерімен және ұлт болашағына елеулі үлес қосқан тарихи оқиғаларымен де белгілі.

Сондай оқиғалардың бірі 1916 жылдың жазында болған екен. Бірінші дүниежүзілік соғыс ортасына таяп, отарлық езгі күшейіп, алым-салық көбейіп, халық тұрмысы нашарлаған шақта Қарқара ұлт-азаттық көтерілістің Жетісудағы орталығына айналған.

Мұрағат деректері бойынша шілденің ортасында басталып, қыркүйектің соңына дейін созылған көтеріліс Қарқарадан бөлек Жетісудың басқа да аймақтарында жалғасын тапқан.

Қазақ пен қырғыздың жүзге жуық ауылы жазалаушылардың шабуылына ұшырап, мыңдаған адамы қаза болған бұл оқиға жайлы бұрын-соңды жазылып жүрген тарихи деректер аз емес. Солардың алғашқыларын қазақтан шыққан тұңғыш инженер Мұхамеджан Тынышбайұлы 1917 жылы 6 желтоқсанда "Қазақ" газетiнде жариялаған. Ал араға бірнеше жыл салып Қарқараға Мұхтар Әуезов пен Ілияс Жансүгіров келіп, 1916 жылғы көтеріліс қаһармандарымен кездескен екен. Мұхтар Әуезовтің "Қилы заман" тарихи хикаяты осы кездесуден кейін жарық

Айта кетерлігі, көтеріліс құрбандарының рухына бағышталған алғашқы ауқымды ас 1926 жылы өткен. Оған сол кездегі ел астанасы Қызылорда қаласынан Ораз Жандосов, Қалибек Қуа­нышбаев пен әнші Әміре Қашаубаев бастаған, құрамында Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Иса Байзақов сынды дарындар бар бір топ өнер саңлақтары келген деседі.

Биылғы жиын да ауқымы жағынан бұрынғыларынан еш кем болмады.

Көпшілік бұл күнді асыға күткенін келген халықтың саны байқатты.

Берісі Алматы, Талдықорған, арысы Атырау, Оралдан жеткен көліктер арнайы осы шара үшін жасалған кең автотұраққа сыймай жатты.

Көтеріліс құрбандарына құран бағышталып, олардың құрметіне қойылған монумент ашылғаннан кейін, ас тойға ұласты.

Жұрттың көп болатынын алдын-ала болжаған ұйымдастырушылар жүзден аса киіз үй тігіп, күнтізбеге халыққа қызықты болар деген шараларды енгізуді жөн санаған екен.

Айнала тігілген киіз үй мен құжынаған халық сол бір замандағы атақты Қарқара жәрмеңкесін жандандырғандай болды.

Шаралар тізбегі өнер жұлдыздарының қойған концертімен басталды.

Бұл концерт, әсіресе, қарт кісілерді қызықтырды.

Олар ән тыңдап, қатарластарымен әңгіме-дүкен құрып, бір марқайып қалды.

Ал бозбала, бойжеткен шақтары еске түскендер жастар жаққа жалтаңдаумен отырды.

"Махаббат, қызық мол жылдарын" өткізіп жүрген жандар болса, бұл уақытта алтыбақан маңын торайлаумен жүрген еді.

Бозбалалар әткеншекке көздеріне түскен бойжеткендермен бірге отырып, көзбе көз қалудың амалын іздестірді. Сәті түсіп, дегендеріне жеткендері де болды.

Алтыбақанда тербеліп, Күн мен Айдың үйлесімін паш еткен олардың оңаша кездесулерін көпшіліктің орындаған әсем әні көркемдей түсті.

Ал алтыбақаннан құр қалған жігіттер қыздардың көңілін аулаудың басқа жолын табуға асықты.

Концерттен кейін кезек ұлттық ойындарға берілді.

Алдымен жұртшылық қазақша күресті тамашалауға жиналды.

Жан-жақтан келген балуандар бірін-бірі ала алмай, жеңімпазды ұзақ анықтады.

Десе де бұл жайт сайысқа деген халық қызығушылығын еш кеміткен жоқ.

Боз кілемді қоршай тұрған көрерменнің қарасы көп болғаны соншалық, орын алып үлгермегендер күресті аттың үстіне, одан қалса көліктің төбесіне шығып көруден тайынбады.

Мұндайда атасына еріп келген бүлдіршіндердің жолы болатыны бар. Ең жақсы орын соларға бұйырды.

Бірнеше сағат өткеннен кейін жауырыны жерге тимеген жеңімпаз да анықталып, ол ұйымдастырушылар тарапынан зор марапатқа ие болды.

Күрестен кейін біреулер үйді-үйді аралап, енді біреулер көк шөпке жантая кетіп, табиғат аясында тамақтанып алды.

Ал халықтың демалысы жақсы өтуін қадағалаған полиция қызметкерлері тынбай жұмыс істеді.

Олар тәртіп бұзған азаматтарды ұстап, түсіндіру жұмыстарын жүргізумен айналысты. Тіпті, бұзақыларды атпен қууға тура келген кездері де болды.

Араға біраз уақыт салып көпшілік атшабарға қарай ағылды.

Халық асыға күткен ат спортына қатысты қызықтар осында өтті.

Алдымен кезек теңге ілуге берілді. Ат құлағында ойнаған жігіттер бірінен соң бірі жерге тізілген дорбашықтарды іліп, халыққа өнерлерін паш етті.

Олардың шапшаңдығына тәнті болған көпшілік таңдай қағысып жатты.

Теңге ілуден кейінгі кезек қыз қууға беріліп, көк көйлек киген бойжеткеннің бетінен сүюге ұмтылған бозбала дегеніне жете алмай, қамшының астында қалды.

Оның сәтсіздігі көпшілікті қарқ қылды.

Оның сәтсіздігі көпшілікті қарқ қылды.

Десе де қызықтың көкесі әлі алда еді.

Десе де қызықтың көкесі әлі алда еді.

Қыз қуудан кейін халық алдына тақымы берік, қол қайраты мен білек қарымы мықты көкпаршылар шықты.

Қалың нөпірді қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан көкпаршысын көргенде жүрегі жарылмайтын қазақ бар ма?

Жоқ болар, сірә!

Жоқ болар, сірә!

Қанына сіңген өнерді тамашалаған көпшілік жандана түсті.

Мына жігіт: "Ортасына тап берсем ғой, шіркін...", - деп тұрған сыңайлы.

Көкпардан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтіп, соған орай үзіліс жарияланды.

Осы сәтті пайдаланған бәйге қатысушылары тұлпарларының етін қыздыруға кірісіп кетті.

Ары-бері ойнақтап жүрген сәйгүліктерге тамсанған халық өз болжамдарын жасай бастады.

Көп созбай сәйгүліктер жарыс жолына түсті.

Алдымен жұртшылық құнан жарысты тамашалады. Бұл жарыста бірінші орын Ұзынағаштан әкелінген тұлпарға бұйырды.

Одан кейінгі кезек жорға жарысына берілді.

Бұл жолы бірінші орынды Қырғызстаннан әкелінген сәйгүлік алды.

Айта кетерлігі, Қырғыз елі бұл маңнан алыс емес. Ат шаптырым жерде шекара бекеті де мұнарлап тұр.

Жорға жарысында үшінші орынның тағдыры қызық жағдайда шешілді. Мәреге жақындағанда үшінші келе жатқан ат орнында тұрып қалып, шабандозға жерге түсіп, оны мәре сызығына дейін жетектеп жеткізуге тура келді.

Абырой болғанда, осы жайтқа алаңдап тұрған жанкүйерлердің үміті ақталып, сәйгүлік сызықтан уақытылы өтті.

Жорға жарысынан кейін топ бәйгенің кезегі жетті.

Бұл жарыста қордайлық сәйгүліктің бағы жанды.

Жеңімпаз баптаушының қуанышында шек болмады.

Қуанатындай жөні бар. Оған осындай автокөлік тарту етілді.

Топ бәйгеден кейін кезек халық асыға күткен аламан бәйгеге берілді.

Бұл доданы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін тапжылмай отырып көрді.

Бәйгенің қызығына әбден кіріп кеткен көрермен ұран салып қиқулап, жүйріктерге дем беріп, шабандоз балалардың рухын көтерумен отырды.

Әркім көзіне түскен сәйгүлікке болысып, кей кезде дауласып, бәстесіп те жатты.

Көлік төбесіне шығып, алыста келе жатқан сәйгүліктерді бірінші болып көруге ұмтылғандар да болды.

Көп кешікпей жүйріктер мәре сызығын кесіп, жеңімпаз да анықталды. Бас жүлде бұл жолы да Ұзынағаш ауылының еншісінде кетті.

Бәйге біте салысымен көпшілік тігілген киіз үйлерге қарай тарай бастады.

Той кешкі ас үстінде жалғасын тауып, халық күнімен көрген қызықтарымен бөлісіп, ән айтып, көңіл көтерді.

Ал алыстан келген жандар бәйгеден кейін үйлеріне қайтуға қамдана бастады.

Біреулер аттарын ерттеп, енді біреулер темір тұлпарларын тізгіндеп, алыс жолға дайындалды.

Кешқұрым киіз үйлер де бірінің артынан бірі жығылып, кетуге жиналғандардың саны артты.

Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, көптен күткен Қарқарадағы ас тез-ақ өтіп кетті.

Бұл жиын да бабалар ерлігі секілді халық жадында көпке дейін сақталмақ.

Тойдың ең кішкентай қонағы.

Тойдың ең кішкентай қонағы.