1. Басты
  2. Қара

Нарынқолда Бердібектің тойы өтті дүркіреп

Нарынқолда Бердібек Соқпақбаевтің 90 жылдық мерейтойы Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өтті. ©Нұрғиса Елеубеков Нарынқолда Бердібек Соқпақбаевтің 90 жылдық мерейтойы Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өтті. ©Нұрғиса Елеубеков
11 қазан күні қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығы қаламгердің туған жері Райымбек ауданындағы Нарынқол ауылында аталып өтті. Жазушының шығармашылығын зерттеп жүргендер мен оның соңынан ерген қаламгерлер, сондай-ақ Соқпақбаевты сүйетін қарапайым оқырман "Халқы сүйген қаламгер" атты ғылыми-практикалық конференцияда бас қосты. Жазушының ескерткіші ашылды. Үш жүзге сауын айтқан дүбірлі тойдан "Алаш айнасы" басылымы арнайы фоторепортаж ұсынады. Қонақтарды Нарынқолға жеткізу үшін 10 қазан күні Алматы мен Талдықорған қалаларынан арнайы автобустар жолға шықты... ©Нұрғиса Елеубеков

Қонақтарды Нарынқолға жеткізу үшін 10 қазан күні Алматы мен Талдықорған қалаларынан арнайы автобустар жолға шықты... ©Нұрғиса Елеубеков

"Той дегенде қу бас домалайды". Қазақтың сөз зергерлері ой үстінде. ©Нұрғиса Елеубеков

Шарын шатқалы. Игі жақсыларды аудан активтері күтіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков

©Нұрғиса Елеубеков

©Нұрғиса Елеубеков

Жазушылар қымыз ішіп, ет жеп, әлденіп алды. ©Нұрғиса Елеубеков

Тойға қаламгерлер ғана емес, бәйге аттары да асығып келеді. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Кеген асуы. Кеше ғана көк мұз боп жатқан жол жібіп, күн жыли бастады. ©Нұрғиса Елеубеков

Райымбек ауданына кіргелі әр ауылдан бізді Бердібек ағамыз "күтіп" алып отырды. ©Нұрғиса Елеубеков

Райымбек ауданына кіргелі әр ауылдан бізді Бердібек ағамыз "күтіп" алып отырды. ©Нұрғиса Елеубеков

©Нұрғиса Елеубеков

©Нұрғиса Елеубеков

Біз шекара бойындағы Сүмбе ауылына қонуға кеттік. Ал жазушылар, әншілер, жалпы зиялы қауым өкілдері Нарынқолдағы арнайы дайындалған үйлерге бөлінді. ©Нұрғиса Елеубеков

Таңғы сағат жеті. Сүмбе... Әйгілі Хан-Тәңірінің басын бұлт шалмапты. Бұл бүгінгі күннің жылы болатынының белгісі іспетті. ©Нұрғиса Елеубеков

Қойдың тойда шаруасы жоқ. ©Нұрғиса Елеубеков

Тас түскен жеріне ауыр. Бердібек Соқпақбаевтың 90 жылдығын өткізу үшін ауыл қаншама уақыт дайындалды екен?! ©Нұрғиса Елеубеков

Той Бердібек Соқпақбаев орта мектебіндегі жазушының мұражайын тамашалаудан басталды. ©Айтжан Мырзанов

Классиктің бюсті. ©Айтжан Мырзанов

Классиктің бюсті. ©Айтжан Мырзанов

– Біреу тойға айналғанда, біреу қойға айналмасын. Есікті мықтап жауып кетейін, – деп күледі нарынқолдық жігіт. ©Нұрғиса Елеубеков

Нарынқолдағы Мәдениет үйі. Бердібектің шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция осында өтпек. ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

Нарынқолда Бердібек Соқпақбаевтің 90 жылдық мерейтойы Алматы облысы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар одағының қолдауымен өтті. ©Нұрғиса Елеубеков

Конференция қонақтарына жазушының екі томдық кітабы сыйға тартылды. ©Нұрғиса Елеубеков

"Халқы сүйген қаламгер" атты ғылыми-практикалық конференция. Осы конференцияның жарыссөзінде халық атынан ақын Айтақын Әбдіхалық сөз сөйлеп, Қызылшекара ауылына Бердібектің атын беруді сұрады. ©Нұрғиса Елеубеков

Мәдениет үйінің ішінде "Бердібектің есімін Қызылшекараға немесе Нарынқолға берелік" деп мәселе көтеріп жатқан кезде, сыртта қаламгердің үш томдығы қызу саудаланып, сатылып жатты. ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақтың белгілі суретшілері де қарап қалмапты. ©Нұрғиса Елеубеков

– Ата, конференцияда не айтылыпты, естідіңіз бе?
– Шекара бойындағы Нарынқол ауданы қайта құрылсын депті ғой. Әй бірақ қайдам, балам... ©Нұрғиса Елеубеков

– Ата, конференцияда не айтылыпты, естідіңіз бе? – Шекара бойындағы Нарынқол ауданы қайта құрылсын депті ғой. Әй бірақ қайдам, балам... ©Нұрғиса Елеубеков

Алматының алмасы тәтті екен, әке! ©Нұрғиса Елеубеков

Дастарханды да жайнатып қойыпты. ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгінгі Қожалар күресіп жатыр. Ешкімнің Жантас болғысы келмейді. ©Нұрғиса Елеубеков

Алақай, ет пісті... ©Нұрғиса Елеубеков

Алақай, ет пісті... ©Нұрғиса Елеубеков

– Мен білсем, ана шалдар сол баяғы тоқал туралы айтып жатқан шығар (әжелер, әрине, бұлай деген жоқ)... ©Нұрғиса Елеубеков

– Аға, басың жерге тигенше, мойыма... Тоқал қажет пе, әперем!. (аталар әрине бұлай деген жоқ). ©Нұрғиса Елеубеков

Аттыларды атты полицейлер жөнге салады. ©Нұрғиса Елеубеков

Мә, қанша киіз үй тігілген, өзі? ©Нұрғиса Елеубеков

"Менің атым - Қожада бір атқа екі ер салушы еді. Үш ер болса ғой, шіркін. ©Нұрғиса Елеубеков

– Гала-концерт болып жатыр дейді... ©Нұрғиса Елеубеков (фото)

– Қайдағы гала-концерт, дала-концерт қой... ©Нұрғиса Елеубеков

Соқпақбаевтің соқпағына түскен ағаларымыз... ©Нұрғиса Елеубеков

– Бәйге болады дейді. Баламен артынып, тартынып жеткенімізше, басталып кетпесін... ©Нұрғиса Елеубеков

Қызды қуды. Бетінен сүйді. Жігіттің сұлтаны-ақ екен.. ©Нұрғиса Елеубеков

Аударыспақ. ©Нұрғиса Елеубеков

Аударыспақ. ©Нұрғиса Елеубеков

Аударыспақ көкпарға айналып кетті ме? Мына жігіттің күштілігі сондай қарсыласын жалғыз қолмен көтеріп алып, аттан аудара салды. ©Нұрғиса Елеубеков

Бәйгеге тігілген темір тұлпарлар. ©Нұрғиса Елеубеков

Бәйге. ©Нұрғиса Елеубеков

Бәйге. ©Нұрғиса Елеубеков

Топ бәйгеде топ жарған шабандоз. ©Нұрғиса Елеубеков

Аламан бәйге басталды. ©Нұрғиса Елеубеков

Конференцияға жиналған халық. ©Нұрғиса Елеубеков

"Тойдың соңынан бір естелік болсын" деп ағаларымыз суретке түсті. ©Нұрғиса Елеубеков

Қолына қалам ұстаған жас қаламгерлер Нарынқолды, дүбірлі тойды қимай қайтып бара жатыр. ©Нұрғиса Елеубеков

Қас қараймай ауылға жетіп алалық. ©Нұрғиса Елеубеков

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин бұл өтінішті тиісті органдарға жеткізуді өз мойнына алды. ©Нұрғиса Елеубеков