1. Басты
  2. Қара

Өрт сөндірумен өткен 27 жыл...

<p>Марат Есболғанов - міне, сондай өз ісінің білгірі. Бала жасында өрт сөндіру көлігіне қызыққан Марат ағаның бұл салаға келгеніне де табаны күректей 27 жыл өтіпті. Түнде де түсіне өрт кіретін оның қатері көп, қайтарымы аздау қызметіндегі бір күнін біз фотообъективімізге іліндіріп, қарапайым еңбек адамдарының шынайы өмірін оқырмандарға паш етуді жөн санадық. Ал, ары қарай, фотосуреттер сөйлесін!</p> Марат Есболғанов - міне, сондай өз ісінің білгірі. Бала жасында өрт сөндіру көлігіне қызыққан Марат ағаның бұл салаға келгеніне де табаны күректей 27 жыл өтіпті. Түнде де түсіне өрт кіретін оның қатері көп, қайтарымы аздау қызметіндегі бір күнін біз фотообъективімізге іліндіріп, қарапайым еңбек адамдарының шынайы өмірін оқырмандарға паш етуді жөн санадық. Ал, ары қарай, фотосуреттер сөйлесін!

"Өрт - тілсіз жау". Сондықтан айтып келмейтін апаттан қаншама тұрғынның өмірі мен дүние-мүлкі зиянға ұшырап жатады. Алайда уақтылы сөндірілген жалыннан зиянның зардабы азайып, қайғының салмағы жеңілдейтіні тағы бар.
Бұл ретте сағат, минут, секундты лаулаған жалын ішінде "Қараша халықтың пайдасы үшін", - деп жүрген қарапайым өрт сөндірушілердің еңбегін айтпай кетуге болмас.

Фото: Мақсат Шағырбаев. Мәтін: Нұрбақ Едіге

<p>Марат Есболғанов - міне, сондай өз ісінің білгірі. Бала жасында өрт сөндіру көлігіне қызыққан Марат ағаның бұл салаға келгеніне де табаны күректей 27 жыл өтіпті. Түнде де түсіне өрт кіретін оның қатері көп, қайтарымы аздау қызметіндегі бір күнін біз фотообъективімізге іліндіріп, қарапайым еңбек адамдарының шынайы өмірін оқырмандарға паш етуді жөн санадық. Ал, ары қарай, фотосуреттер сөйлесін!</p>

Марат Есболғанов - міне, сондай өз ісінің білгірі. Бала жасында өрт сөндіру көлігіне қызыққан Марат ағаның бұл салаға келгеніне де табаны күректей 27 жыл өтіпті. Түнде де түсіне өрт кіретін оның қатері көп, қайтарымы аздау қызметіндегі бір күнін біз фотообъективімізге іліндіріп, қарапайым еңбек адамдарының шынайы өмірін оқырмандарға паш етуді жөн санадық. Ал, ары қарай, фотосуреттер сөйлесін!

Таңғы сағат: 08:30. Марат Есболғанов үшін жұмыс күнінің басталуы. Бірінші кезекте басшылықтың тексеруінен өтіп, төтенше жағдайға дайын екендіктерін мәлімдейді.

Таңғы сағат: 08:30. Марат Есболғанов үшін жұмыс күнінің басталуы. Бірінші кезекте басшылықтың тексеруінен өтіп, төтенше жағдайға дайын екендіктерін мәлімдейді.

Абай аудандық өрт сөндіру қызметінің мамандары тілсіз жауды құрықтауға  сақадай-сай.

Абай аудандық өрт сөндіру қызметінің мамандары тілсіз жауды құрықтауға сақадай-сай.

Өрт бола қалған жағдайда жеткілікті су қоры болуы шарт. Сондықтан арнайы белгіленген су қорларының картасын тексеру үстінде.

Өрт бола қалған жағдайда жеткілікті су қоры болуы шарт. Сондықтан арнайы белгіленген су қорларының картасын тексеру үстінде.

Қала аумағындағы өрт дабылы туралы хабар өрт сөндіру қызметінің нұсқаушысына (суретте Наталья Лукьянчикова) келіп түседі. Онан ары төтенше жағдай орын алған мекен-жайға дейін кәсібіи нұсқаушы рация арқылы ең жылдам жол бөлігін нұсқап, өрттің тез сөндірілуіне ақпараттық қолдау көрсетеді.
Марат Зұлпыхарұлының айтуынша нұқсаушы тек кабинетте отырып жұмыс істейтін болып көрінгенімен, алайда өрт сөндірілгенге дейін бізбен бірдей қызмет атқарады.

Қала аумағындағы өрт дабылы туралы хабар өрт сөндіру қызметінің нұсқаушысына (суретте Наталья Лукьянчикова) келіп түседі. Онан ары төтенше жағдай орын алған мекен-жайға дейін кәсібіи нұсқаушы рация арқылы ең жылдам жол бөлігін нұсқап, өрттің тез сөндірілуіне ақпараттық қолдау көрсетеді. Марат Зұлпыхарұлының айтуынша нұқсаушы тек кабинетте отырып жұмыс істейтін болып көрінгенімен, алайда өрт сөндірілгенге дейін бізбен бірдей қызмет атқарады.

<p>Түнде орын алған өртті ауыздықтап келген "батырлар"!</p>

Түнде орын алған өртті ауыздықтап келген "батырлар"!

<p>Өрт! Дабыл!&nbsp;</p>

Өрт! Дабыл! 

<p>Өлшеулі уақыт, кешігуге қақың жоқ.&nbsp;</p>

Өлшеулі уақыт, кешігуге қақың жоқ. 

Дер кезінде сөндірілен өрт ауыр шығынның алдын алады.

Дер кезінде сөндірілен өрт ауыр шығынның алдын алады.

Қарапайым еңбек адамдарының түскі асы - майонез, пияз, бөлке нан, қайнатылған макарон сорпасы...

Қарапайым еңбек адамдарының түскі асы - майонез, пияз, бөлке нан, қайнатылған макарон сорпасы...

"Өрт сөндіруші үшін күнде оқу-жаттығу. Физикалық, психологиялық тұрғыдан өзін шыңдау қажет", -  дейді Марат аға.

"Өрт сөндіруші үшін күнде оқу-жаттығу. Физикалық, психологиялық тұрғыдан өзін шыңдау қажет", - дейді Марат аға.

Кеңестік кезеңде жүгіруден республикалық спорт шебері атанған Марат аға көпқабатты ғимаратқа көз ілестірмес жылдамдықпен ("Өрмекші адам" секілді) өрмелей біледі. 27 жыл ішінде өмір мектебінен алған тәжірибесін жас буынға үйретуден жалыққан емес.

Төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтау басты міндет.

Төтенше жағдай кезінде адам өмірін сақтау басты міндет.

"Өрт сөндіру тек жеке адамның еңбегі емес. Бұл төрт көзі түгел ұжымның бірлесіп атқарар шаруасы. Осы ретте республикалық спорттық сайыстарда оқ бойы озық жүруіміз Абай аудандық І мамандандырылған жасақтың басшысы, подполковник Алтынбек Толтаевтың үлесі зор", -  деп білемін.

Ақпан айында "101" орталығына 20 мыңнан аса қоңырау келіп түскен. "Мұның барлығы тіркелген төтенше жағдай екен", -  деп қалмаңыз. Кейбірі, қалтафонының дауыс жүйесін тексерсе, ата-анасының ұялы телефонымен әуестенген жасөскіндер, құс келіп, құс қайтқанда ақыл- есінен ауысатындар, қаланы толық білмейтіндер, беймаза адамдар осы сымтетікке жиі қоңырау шалып, нәзік жандылардың мазасын алады.

Тіпті, сексенді еңсерген бір қарт әже түні бойы "Сағат неше болды қызым?", - деп үнемі  қоңырау шалады екен. “Алайда, барлығына байыппен жауап беріп отырамыз”, - дейді "101" - дің сұлу қыздары.

Тіпті, сексенді еңсерген бір қарт әже түні бойы "Сағат неше болды қызым?", - деп үнемі қоңырау шалады екен. “Алайда, барлығына байыппен жауап беріп отырамыз”, - дейді "101" - дің сұлу қыздары.

Тағы да өрт! 
"Қаптаған көлік тығынынан оқиға орын алған жерге жетудің өзі мұң. Бұл ретте үшінші мегаполис мәртебесіне ие қала тұрғындарының (көлік жүргізушілерінің) жұмысымызға түсіністікпен қарауын сұранар едік", - дейді жасақ жүргізушісі.

Тағы да өрт! "Қаптаған көлік тығынынан оқиға орын алған жерге жетудің өзі мұң. Бұл ретте үшінші мегаполис мәртебесіне ие қала тұрғындарының (көлік жүргізушілерінің) жұмысымызға түсіністікпен қарауын сұранар едік", - дейді жасақ жүргізушісі.

Алдын ала болжам бойынша, электр желісі жүйесіндегі ақауларға байланысты құрылыс заттарын сататын дүкен өртке оранған.

Алдын ала болжам бойынша, электр желісі жүйесіндегі ақауларға байланысты құрылыс заттарын сататын дүкен өртке оранған.

Кез келген тұрғын өрт қауіпсіздігі жөнінде қарапайым қағидаларды білгені абзал. Сіздің болмашы қателігіңіз басқаларға зор зиян, орны толмас қайғы әкелуінен сақ болайық.

Кез келген тұрғын өрт қауіпсіздігі жөнінде қарапайым қағидаларды білгені абзал. Сіздің болмашы қателігіңіз басқаларға зор зиян, орны толмас қайғы әкелуінен сақ болайық.

Төтенше жағдай кезінде бір тәуліктің өзі біз үшін 10 тәуліктей болып ұзаққа созылып кетеді. Себебі, кейде өртті ауыздықтаудың өзі таңнан таңға дейін жалғасады. Бірақ, бізге артылған жауапкершілікті сезініп келеміз.

"Өрт болғасын кейде адам шығыны да орын алады. Сол уақытта біз қатты күйзелеміз. Осыдан үш жыл бұрын кезекті өрт сөндіру сәтінде қойма қабырғасы құлап әріптесіміз астында қалып, мезгілсіз мерт болды. Осылайша біз бір тәуліктен астам жанымызда болатын аяулы әріптесімізден көз жазып қалдық".

"Сақтанғанды Құдай сақтайды" демекші, қаламыздың әр тұрғыны өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаса, орны толмас өкініш болмас еді. Біріншіден өз денсаулықтарына және дүние-мүліктеріне залал келмейді.

"Сақтанғанды Құдай сақтайды" демекші, қаламыздың әр тұрғыны өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаса, орны толмас өкініш болмас еді. Біріншіден өз денсаулықтарына және дүние-мүліктеріне залал келмейді.

"Әрбір өрт сөндіруші қаһарман өрт болған сайын өз бастарын қатерге тігеді. Себебі, бұл жұмыстың талабы!".

"Әрбір өрт сөндіруші қаһарман өрт болған сайын өз бастарын қатерге тігеді. Себебі, бұл жұмыстың талабы!".

- "№1 мамандандырылған жасақтың екінші ауысым диспетчері біз өртті толығымен сөндіріп, бөлімшіге оралудамыз. Жолай көлікке су толтырамыз".
- "Қабылданды. Сіздердің оралу уақыттарыңыз сағат 00:51".

- "№1 мамандандырылған жасақтың екінші ауысым диспетчері біз өртті толығымен сөндіріп, бөлімшіге оралудамыз. Жолай көлікке су толтырамыз". - "Қабылданды. Сіздердің оралу уақыттарыңыз сағат 00:51".

Міне, өмірден түйгені түгел, көргені анық Марат ағаның бір күні. Оның өз ісіне деген шексіз махаббаты адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, пайдалы іспен айналысуға үгіттеп тұрғандай. 
Кезекті сәтті сөндірілген өрттен кейін оның жүзінен біз шаршаудың емес, қуаныштың белгісін көргендей болдық.
Тілсіз жаумен күресте әрқашан жеңіске жете беріңіз!

Міне, өмірден түйгені түгел, көргені анық Марат ағаның бір күні. Оның өз ісіне деген шексіз махаббаты адамдарды бір-біріне көмек қолын созуға, пайдалы іспен айналысуға үгіттеп тұрғандай. Кезекті сәтті сөндірілген өрттен кейін оның жүзінен біз шаршаудың емес, қуаныштың белгісін көргендей болдық. Тілсіз жаумен күресте әрқашан жеңіске жете беріңіз!