Қазақ футболы қашан қазақ тілінде сөйлейді? Ермұхамед Мәуленмен подкаст

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ футболы қашан қазақ тілінде сөйлейді? Ермұхамед Мәуленмен подкаст

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bizben Podcast жобасының бұл жолғы қонағы - спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол жоба журналистерімен Қазақстан құрамасының нәтижелі ойыны, спорт журналистикасындағы мәселелер туралы әңгіме қозғады.

Сонымен қатар, қазақ футболындағы қазақ тілінің орны туралы айтты. 

"Оны жөндеуге келеді. Ол үшін халықтың саны көбеюі керек, қазақтілді аудитория көбеюі керек. Ол он жылдан кейін автомат түрде келеді. Мен соған сенемін. Мен мына мәселені көтергім келіп отыр. "Ордабасы", "Тараз", "Қайрат", "Каспий", "Атырау" деген секілді футбол клубтары бар. Онда стадионға келетін жанкүйерлер түгел қазақтар. Шымкентте ешкім орысша сөйлемейді. Бірақ сол клубтар әлеуметтік желілерін, сайттарын орыс тілінде жүргізеді. Мақұл, орыс тілінде жүргізе беріңдер. Бірақ 90 пайызы қазақ аудиторияңа орысша ақпарат таратып отырсың", - деді спорт комментаторы. 

Еске салайық, бұған дейін Bizben Podcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думақ Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек пен файтер Арман Әшімов болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети