06 қаңтар 2017 21:57

Шахан кентінің тұрмыс-тіршілігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахан - кеншілер мен пеш жағушылардың кенті. Жергілікті тұрғындар сөзшең емес. Әрбір көшеде тыныштық. Қайта құру кезінде жылу берілмеген үйлерді тастап кету жағдайы Шаханда әлі де бар. Бос үйлер, жұмыссыздық, орталықтанған жылу мен су жоқ. Адамдар осындай қиын жағдайда тіршілік етіп келеді. Тілші Әйгерім Әбілмәжітова мен фотограф Тұрар Қазанғапов бірінші қаңтар түні барлық елге белгілі болып кеткен Шаханның бір күнгі тіршілігін өз көздерімен көріп қайтты. 

Шахан - Қарағанды облысындағы кент. 1962 жылы іргесі қаланған. Ол Қарағандыдан 35 шақырым және Шахтинсктен 12 шақырым жерде орналасқан.

Тұрғындар саны 8,1 мың адам. Бірақ, жастар өте аз.

Көшелерде зейнеттегі әжейлер көбірек кезігеді.

Үйлер де бос қалған. Ешкімге қажетсіз.

Үйлер де бос қалған. Ешкімге қажетсіз.

Бос қалған пәтерлердің терезелері кірпішпен, ағашпен және өзге де қолға түскен материалдармен бітелген. Қайта құру жылдары адамдар Қарағанды мен маңайында орналасқан қалалардағы жылу берілмейтін үйлерді тастап, тәуірлеу өмір іздеген. 2016 жылдың қаңтары, Шаханда әлі ештеме өзгермеген сияқты.

Шаханда 117 көпқабатты үй бар, оның ішінде 19 үйге автономды түрде жылу беріледі. 14 үйдің жертөлесінде қазандық орнатылған.

Бұл кентті пеш моржалары мен үйіліп жатқан күл ерекшелендіріп тұрады.

Әрбір үйдің ауласында күлдің үйінділері бар. Осы үйінділердің бірінен пеш жағушыны көріп қалдық.

Ол мұнда Өзбекстаннан отбасымен бірге келіпті.

Нұрланның бізбен тілдесер уақыты жоқ, жұмысы күтіп тұр. "Бала-шағаны асырау керек, сосын бәрін де істейсің", - деді де кішкене есікке кіріп кетті.

Нұрланның жертөледегі бөлмесі

Нұрланның жертөледегі бөлмесі

Нұрлан 50 мың теңге алады, бұл ақша ауыл ішінде айтарлықтай табыс болып есептеледі екен.

Шаханда қабырғасы құлаған үйдің астында да осындай қазандық болған.

Күндіз Шаханның көшелерінен адамдарды сирек көресің.

Қазір мектепте демалыс кезі болғанымен, біздің түсірілім тобы аулада ойнап жүрген балалрды күні бойына бір-ақ рет көрді. Балалар аяғына коньки киіп, хоккей ойнап жүр.

Мынадай әткеншек тепкенше хоккей қызықтырақ шығар.

"Тентек" кен орнындағы жұмыс - жалғыз ғана табыс көзі десе де болады.

Көмір сатылатыны туралы жарнаманы барлық жерден көруге болады.

Әрбір бағанада көмір туралы жазылған.

Әрбір бағанада көмір туралы жазылған.

Пәтерлерінде пеш орнатылған тұрғындарға қажетті көмір түсіретін қоралар.

Дүкендегі сатушының сөзіне қарағанда, Шахандағы негізгі қиынндық - жұмыстың жоқтығы. Ирина айына 20 мың теңге алады, оның № 4 үйдің тұрғыны екенін айта кетейік.

Әкімдікке барар жолда жол полициясының қызметкерін көруге болады. Полицейлер де әңгімелескенді ұнатпайды екен.

Әкімдік. Бұл күндері мұнда тіршілік қайнап тұр. Комиссия, гуманитарлық көмекті қабылдау, тарату.

Әкімдікке қарсы Әулие Николь ғибадатхансы орналасқан. Апаттан көз жұмғандарға арнап осы жерде үш күн дұағлар оқылды.

Шахандағы мешіт.

Шахандағы мешіт.

Көмір мен от жағушыларды Шахандағы әрбір үйдің ауласынан көресіз.

Бұл от жағушылар айына 
30 мың теңге алады.

Бұл от жағушылар айына 30 мың теңге алады.

Олар өмірлеріне шағымданбады. Жұмысы мен табысының барына риза. Мұндағы қазандық өзге екенін айта кетейік,  "әлде қайда" қауіпсіз дейді от жағушылар.

Бұл жердің адамдары үнсіз келеді. Сондықтан да қала мұңлы көрінеді.

Шахандағы жақсы көңіл-күйдің көріністерін табуға тырыстық.

Терезе алдындағы гүлдер.

Терезе алдындағы гүлдер.

Автобекет Шаханның орталығы. Осы жерден күнде таңғысын адамдар  Қарағандыға, Сарань және Шахтинскіге жұмысы мен сабақтарына барады.

277 бағыттағы автобус Шахан мен Шахтинск арасында жүреді. Жол ақысы 85 теңге. "Барған сайын адам азайып барады, көбіне Қарағандыға көшіп жатыр",- дейді автобус жүргізушісі."

127-ші автобус Шахан мен Қарағанды арасын байланыстырады. Алты автобустың әрқайсысы күніне төрт рет барып келеді. Жол ақысы 150 теңге.

"Ауылда ең ауқатты адамдар - зейнеткер мен кеншілер. Мұнда басқа не бітіресің, көрініп тұрған жоқ па!?", - дейді 127-ші автобустың жүргізушісі.

"Бәрін де құртты ғой. Қазандық та, бәрі де болды. Қазір бәрі атылатындай болып жүр", - дейді такси жүргізушісі.

Жеке тасымалдаушылар, айта кетейік, салоны үшін 3000 теңге алады.

Бір байқағанымыз Шаханда екі нәрсе ғана сатылады - көмір мен үй.

"Кете алғандар, баяғыда көшіп кеткен", - дейді жергілікті тұрғындар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети