1. Басты
  2. Қара

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Ұлт ұясы - Ұлытау! Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы. Ұлт ұясы - Ұлытау! Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы.
2014 жылдың маусым айының 18-22 аралығында “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздің тарихи жерлерін, әсем табиғатын, салт-дәстүрін сақтау, насихаттау аясында жоспарланған республикалық ULYTAU-2014 атты фотоэкспедициясы өз мәресіне жетті. Фотоэкспедицияның негізгі мақсаты: "Қасиетті Ұлытау - қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі",- деп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, еліміздің мақтанышы Ұлытау өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігін толықтай фотосуреттер арқылы көрсету, жалпы еліміздің көрікті жерлерін суретке түсіріп таныту, ішкі туризмнің дамуына үлес қосу және EXPO-2017 көрмесін насихаттау. Бұл бес күнге созылған сапар барысында фототілшілер өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, өз мамандықтарының кәсіби деңгейге көтерілуіне ықпал етіп, біраз мәселелерді талқыға салды. Экспедицияның құрамында барлығы 13 адам болды. Олар: еліміздің бірнеше облысы және Астана мен Алматы қалаларындағы белгілі басылымдардың фототілшілері және Қытай Халық Республикасынан келген "Шыңжаң" суретті журналының бас редакторы Серік Нұрдыбай мен "ШҰАР" фотосуретшілер одағының мүшесі Серік Мұқыш. Шетелден келген қонақтардың жол шығындарына Bank RBK АҚ демеушілік жасады. Фототілшілердің бұл экспедициясына Қарағанды облыстық әкімшілігі қолдау көрсетті. Бұл - "ФОТОӨНЕР" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен болып өткен екінші экспедиция. Бірінші рет 2012 жылы Шалкөде жерінде бас қосқан еді. Келер жылы Қорқыт ата, Бурабай сияқты туристік орындарға бару жоспарда бар. Жалпы алдағы сапарлардың нәтижесінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай фотокөрме ұйымдастырылып, фотоальбом да шығарылуы мүмкін. Осы сапар туралы белгілі фототілші Нұрғиса Елеубеков егжей-тегжейлі баяндайды. Ұлт ұясы - Ұлытау! Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы.

Ұлт ұясы - Ұлытау! Қазақстанның тарихи және географиялық орталығы.

Ұлы хандарды ұлықтау ескерткіші.

Ұлы хандарды ұлықтау ескерткіші.

Ұлытау - қазақ халқының алтын бесігі, тарихының діңгегі.

Ұлытаудың төрінде халқымызға бата беріп тұрған Асан қайғы бабамыздың ескерткіші.

Асан қайғы бабамыз жер-жерді аралап, осы халқымызға суы шипа, шөбі майса таулардың орналасуы да пана болатын жайлы жер деп осы Ұлытауды еліміздің жерұйығы деп тауып айтып кеткен екен.

Ұлытау ауылының көрінісі.

Ұлытау ауылының көрінісі.

Фототілшілер жұмысты бастап та кетті.

Фототілшілер жұмысты бастап та кетті.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Оң жақта "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы" мемлекеттік мекемесінің архитектура бөлімінің меңгерушісі Баян Шайкөзова  бізге осы өңір жайлы ақпарат беріп тұр.

Хан ордасына қарай жолға шықтық.

Хан ордасына қарай жолға шықтық.

Көлікте отырғанда да бізге осы тарихи қорық мұражайының директоры Ұлытаудың тарихын айтып тауыса алар емес.

 Ұлытаудың батысына қарай 20 шақырым жер, Жанғабыл өзенінің бойы. Қаратал қыстағына жақын жазықта "Хан ордасы" деп аталатын тарихи орын бар.

"Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайының директоры Бақтияр Сапарбекұлы бізге осы Хан ордасының тарихын баяндауда.

Бұл Хан ордасы ХІII-ХІХ ғасырлардың арасында қазақ хандарының ордасы болған. Осы жерге Абылай ханнан бастап, Кенесары ханға дейін орда тіккен.

Хан ордасы екі бөліктен тұрады, ең үлкен бөлігінде ханның өзі орналасқан. Екінші бөлігінде уәзір, қорғаушы сарбаздары болған. Орданың айналасындағы мидай жазықта үш жүздің билері, ақсақалдары, батырлары киіз үй тігіп отырған.

Ендігі барар жеріміз - Едіге тауы.

Ендігі барар жеріміз - Едіге тауы.

ҚХР-дағы "Шыңжаң" суретті журналының бас редакторы Серік Нұрдыбай мырза жұмыс үстінде.

Экспедицияға жетекшілік еткен  "Егемен Қазақстан" газетінің фототілшісі Ерлан Омаров болса, фотоны күнге қаратып түсіру тәжірибесін көрсетіп жатыр.

Оң жақ шеттегі ҚХР-дағы "ШҰАР" фотосуретшілер одағының мүшесі.Серік Мұқыш кәсіби дағдыларымен бөлісті.

Алтыншоқы. 1391 жылы Әмір Темір (Ақсақ Темір) Алтын Орданың ханы Тоқтамысқа 200 мың әскерімен қарсы шығып, Ұлытауға келіп ат басын тіреген.

Ақсақ Темір биік шоқы басына шығып, кең жазира далаға қарап тұрып: "Мынау бір құтты жер екен, бұл жерге қандай белгі қалдырсам екен", - дейді.
Әрі-бері ойланып тұрып, керуенмен алып келе жатқан метеорит тасын алдырады да, 200 мың әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызады.

Ақсақ Темір биік шоқы басына шығып, кең жазира далаға қарап тұрып: "Мынау бір құтты жер екен, бұл жерге қандай белгі қалдырсам екен", - дейді. Әрі-бері ойланып тұрып, керуенмен алып келе жатқан метеорит тасын алдырады да, 200 мың әскерге бір-бір тастан тастатып биік тау тұрғызады.

Осы үйген тау басына тас қорытатын пеш салдырып, жанындағы өзеннен тал қидырып, көмір жасап, метеорит тасын балқытып, мынадай мағынада жазып қалдырады: "Мен Тұранның бегі  - Темір бек хижраның 769 қой жылы Ара айының 21-күні Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа шығып, ұрпаққа белгі қалдырдым. Алла ісімізге жар болсын!" Бұл тасты 1935 жылы Қаныш Сәтпаев тауып, Эрмитажға жіберген.

Плита бұрын үлкен шұңқыр үстінде орналасқан. Осы жерде қыш күйдіретін пеш болған. Шұңқырдың диаметрі - 22 м, биіктігі - 3 м.

Тарихқа куә тастардың өз айтары бар.

Тарихқа куә тастардың өз айтары бар.

Ұлытауды өңірін аралау үшін жол талғамайтын көліксіз жүру мүмкін емес.

Бұл - Кененбай тоғаны.

Бұл - Кененбай тоғаны.

Ұлытау ауданы Орталық Қазақстанның жартылай құрғақ бөлігіне кіреді. Биік таулар: Ұлытау, Қызылтау, Айыртау, Арғанаты, Кішітау, Едіге, Әулие тауларының тізбегі мен өзіндік ерекшелігі бар. Қатпарланған тасты таулар етегінде бұлақтар ағып, өзендер мен көлдерге құйылып жатыр. 11 көл, 12 өзен бар.

Ұлытау өңірі тарихқа толы ескерткіштерімен ғана белгілі емес, өзіндік табиғатымен де әйгілі.

Ұлытау өңірі тарихқа толы ескерткіштерімен ғана белгілі емес, өзіндік табиғатымен де әйгілі.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Ұлытау - ежелгі қоныс, ескі жұрт. Ол бүгінде қазақ деген дүние жүзіне белгілі ұлттың табысқан төбесі, ұйысқан іргесі.

Фотосаяхатшылар қызу жұмысқа кірісіп кетті.

Ұлытаудың батыс бағытына қарай XIX ғасырдың басында қоныс тепкен Бағаналы Жылкелді ұрпақтары жерленген қорым.

Күн батарда.

Күн батарда.

Жазық жерлерде орналасқан ғұндар дәуірінің бір белгілері - осы балбал тастар.

Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы - түркі дәуірінің тас мүсіндері.

Күн батарда түсірілген көріністер тамаша шығады.

Шипалы бұлақ басындағы биші ақ қайыңдар.

Шипалы бұлақ басындағы биші ақ қайыңдар.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Гүлсара-ана шипа бұлағы.

Гүлсара-ана шипа бұлағы.

Әулиетауға шығар алдында қажетті кеңестер мен нұсқаулар түсіндіріліп жатыр.

Әулиетау басына дейін екі шақырымдай жаяу жүру керек.

Әулиетау басына дейін екі шақырымдай жаяу жүру керек.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Орта жолда аздап үзіліс жасап, суретке түсірдік.

Серік ағамыздың қолсағаты теңіз деңгейінен қанша биіктегенімізді дәл көрсетіп отырды.

Тауға шығу ешкімге де оңай соқпайтыны рас, бірақ жігіттер еш қиналмады.

Қорық қызметкері әрі фототілшісі Ерлан бауырымыз келген қонақтармен бірге тау басына күніне үш рет түсіп шығатын кездер болады дейді.

Таудың әсем көріністеріне көзің тоймайды.

Географиялық, ботаникалық зерттеудің анықтауы бойынша бұл өңірде жалпы өсімдіктердің 617 түрі, оның ішінде, өте сирек кездесетін өсімдіктердің 19 түрі бар.

Алыстан көрініп тұрған Ұлытау ауылы.

Алыстан көрініп тұрған Ұлытау ауылы.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Ұлытау өзінің ежелгі де әралуан ескерткіштерінің көптігімен кім-кімді де тәнті етеді. Жаз айларында саяхатшылардың көп келуіне байланысты тарихи-мәдени ескерткіштер аумағында тазалық сенбіліктері ұйымдастырылып тұрады.

Осы Әулиетауға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер және зиярат етушілер ағылып келіп жатады екен.

Зиярат етушілер де Әулиетауға таң атпай шығып үлгеріпті.

Осы Әулиетаудың басындағы киелі үңгірге көбінесе бала көтере алмай жүрген ерлі-зайыптылар Жаратқаннан шипа іздеп келіп түнеп жатады.

Аздаған үзіліс кезі.

Аздаған үзіліс кезі.

Әулиетаудағы киелі үңгір- осы.

Әулиетаудағы киелі үңгір- осы.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Бұл киелі тау басында қасиет қонған көптеген әулие кісі жерленген, сондықтан да Әулиетау аталады-мыс.

Әулие кісілер жерленген бейіттерге Құран бағыштап отырдық.

Ұлытаудың ең биік шыңына жеткенде айналаны қызықтап суретке түсірдік.

Тау шыңынан қарағандағы көрініс.

Тау шыңынан қарағандағы көрініс.

Әулиетаудың ең биік шыңына жетіп, табиғатын қызықтап, демалып отырған ағамыз - ҚХР-дағы "ШҰАР" фотосуретшілер одағының мүшесі Серік Мұқыш.

Ұлытау шыңын бағындырған бәтеңке мен фотоаппарат.

Ұлытауда қырат-шоқылар өте көп, солардың ең биігі осы - Әулиетау, биіктігі - 1239 метр.

Тау шыңында бір топ фотограф бірге суретке түсіп те үлгердік.

Әр таудың тасында айрықша тылсым таңбалар бар.

Сан ғасырды өткерген қатпарлы көне тастар да тозады екен.

Сан ғасырды өткерген қатпарлы көне тастар да тозады екен.

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Енді фотосаяхатшылар төмен қарай бет алды.

Қорық маңында "Табиғат тағдыры - өз қолымызда" деп жазылған тақтайшалар бар.

Экспедицияның аяқталар күні "Ұлытау" табиғи қорық-мұражайы атынан біздерге сый-сыяпат жасалды.

Естелік сурет.

Естелік сурет.

Ұлытау киелі тарихи мекеніне кіреберіс көрінісі.

Алаша хан мазары (ХІІІ- ХIV ғғ.). Қаракеңгір өзенінің оң жағасында ортағасырдағы сахаралық сәулет өнері үлгісінде салынған.

Мазардың ішкі және сыртқы көрінісі еш жерде қайталанбайтын сәулет әшекейлерімен безендірілген.

Ерекшелігі сол - кесененің ішкі жағында жоғарғы бетіне шығатын арнайы баспалдағы бар.

Ұлытау ауданы бойынша 700-дей тарихи-археологиялық және архитектуралық ескерткіш орналасқан. Оның ішінде, көбі - республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер. Атап айтқанда, Алаша хан мазары, Жошы хан мазары, Домбауыл, Хан ордасы, Алтыншоқы, Едіге, Басқамыр, Аяққамыр, Болған Ана, Теректі әулие, Ақмешіт әулиетау, Ерден мазары, Сандыбай баба мазары, т.б. Мәдени мұраларды қорғау бағытында іс-шаралар атқарылып жатыр.

Алаша хан жатқан жер.

Алаша хан жатқан жер.

ХІІІ-ХІV ғасырлардағы көне қыш кесектері жақсы сақталған.

Алаша хан ордасы - Ұлытау өлкесіндегі ең айшықты сәулет ескерткіштерінің бірі.

Кеңгір өзені

Кеңгір өзені

ULYTAU-2014 фотосаяхаты

Қатары сиреп, “Қызыл кітапқа” енген жануарлар түрі: арқар, киік, ондатра, қабан, сілеусін, т.б. Бұл өңірді құстар да көп мекендейді: аққу, италақаз, үкі, қарлығаш, жарғанат, қаршыға, дуадақ, бүркіт, т.б.

Аңызға қарағанда, мазардың күмбезі Алаша ханның атына орай алаша кілемнің өрнегімен нақышталған.

Ұлытау ауылының орталығындағы әкімшілік ғимарат.

Жолда жарылған доңғалағымызды тез арада ауыстырып үлгердік.

Хан ордасы бекінісінің үстінде естелікке тағы суретке түстік.

Серік Нұрдыбай ағамыз өзінің түсірген суреттерімен тәжірибе алмасып тұр.

Жолда фототілшілер табиғатты біраз суретке түсіріп,  өзара тәжірибе алмасты.

Экспедиция мүшелері.

Экспедиция мүшелері.

Сапарды сәтті аяқтап, Қарағанды қаласында тағы да аман-есен жүздескенше деген тілекпен суретке түстік.

Тас арасын жарып шыққан гүл.

Тас арасын жарып шыққан гүл.

Сарыарқа төрінде тұлпарлар дүбірі толастамайды.