Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда

ПОДЕЛИТЬСЯ

Журналист Жұлдыз Әбділда BizbenPodcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол әңгіме барысында журналист этикасы, коронавирусқа қатысты фейктер, журналистің қоғамдағы ролі туралы айтты.

Оның пікірінше, журналист бір партияға мүше болмауы керек. 

"Мен көптеген петицияға қол қоямын. Тұрмыстағы зорлық туралы болған кезде қол қойдым. Өйткені, ол - жалпы қоғамға қатысты нәрсе. Ол - менің адам ретінде, азамат ретінде пікірім. Оған қарсымын деп қол қойдым. Не болмаса, белгілі бір тұлғаларға қысым жасалған кезде. (...) Ал енді адам құқығын ту еткен партиямыз десе де, мен оған кірмей, жеке адам ретінде кейбір бастамасын қолдай аламын. Бірақ мен ол партияға кірсем, сол ұйымның мүшесімін деген сөз", - деді Жұлдыз Әбділда. 

Сонымен қатар, журналист Желіде тараған түрлі фейк туралы пікірін бөлісті. Ол "ауаны улап жатыр" деп байбалам салғандарға жауап берді. 

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары фактчекер-журналист Думақ Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен мен әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети