04 мамыр 2019 15:38

Apple өкілдері құрылғыларды өз бетінше жөндеуге тыйым салуды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© macdigger.ru © macdigger.ru

Apple өкілдері электрониканы өз бетінше жөндеуге тыйым салуды ұсынады, - деп жазады Macdigger.ru басылымы.


Apple өкілдері электрониканы өз бетінше жөндеуге тыйым салуды ұсынады, - деп жазады Macdigger.ru басылымы.

Apple мен CompTIA ұйымының өкілдері техника құралдарын, гаджеттерді өз бетінше жөндемеуге кеңес береді. Олардың айтуынша,  iPhone смартфондарының конструкциясы өте қиын. Ал оны өз бетінше жөндемекші болғандар түрлі жарақаттар алып, күйік шалуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін бірнеше компания АҚШ-тың Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне осы мәселе бойынша бір норма қабылдауды өтініп, хат жазған.

Мамандардың айтуынша, техника жөндейтіндер онда хакерлік шабуылдар жасауы мүмкін. Басты қауіп осында екен. Дегенмен, кейбір сарапшылар аккумулятор немесе экран ауыстырудың салдарынан телефонға хакерлік шабуыл жасалуы мүмкін дегенді жоққа шығарып отыр. Олардың сөзіне қарағанда, хакерлер арнайы бағдарламалармен-ақ жұмыс істейді.

© macdigger.ru

Айта кетейік, Apple өкілдері осыдан 2-3 жыл бұрын да құрылғыларды өз бетінше жөндемеуге шақырған болатын. Компаниядағылар тек арнайы авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарының көмегіне жүгінуге кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети