Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Google гигапиксельді фотоаппараттың мүмкіндіктерін көрсетті

18 Мамыр 2016, 10:22
0
© birdinflight.com
© birdinflight.com

Google компаниясы "гигапиксельді" суреттерді түсіретін жаңа Art Camera фотоаппаратының мүмкіндіктерін көрсетті, - деп жазады The Next Web басылымы.

Бұл құрылғының шектеулі сериямен 20 данасы шықты. Бірақ ол сатылымға арналмаған. Жаңа құрылғы Cultural Institute жобасының аясында жетілдірілген. Жобаның сайтында әлемнің үлкен музейінің көрмесі жарияланып тұрады. Фотоаппараттың камерасы түсірілген суреттерді миллиметріне дейін жақындатып көрсететін мүмкіндікке ие. 

Ал кейін ол суреттер Google серверіне жіберіледі. Мамандардың айтуынша, бұл процесс көп уақытты алмайды. Ал бұған дейін ол суреттерді Google серверіне жіберу үшін бірнеше күн керек болған екен.

Сонымен қатар, Art Camera фотоаппаратының көмегімен мыңдаған өнер туындысы түсірілген. Фотоаппараттың цифрлық нұсқасымен сайттың арнайы бөлімінде танысуға болады. Ал суреттерді сайттан картинаның атын жазып немесе туындының авторын көрсетіп, фотобаянды көре аласыз.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай