07 ақпан 2021 10:45

Әлемдегі ең танымал қосымша аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

SensorTower аналитикалық компаниясы 2021 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалар статистикасын жариялады, - деп хабарлайды ixbt.com.


SensorTower аналитикалық компаниясы 2021 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша әлемдегі ең танымал мобильді қосымшалар статистикасын жариялады, - деп хабарлайды ixbt.com.

Тоқсан басында ойынға арналмаған қосымшалар ішінде Telegram көшбасшы болды. Бұған дейін көш басында TikTok тұрған. Қаңтарда пайдаланушылар Telegram-ды 63 миллион рет жүктеген. Бұл былтырғы қаңтармен салыстырғанда 3,8 есе көп.

Екінші орындағы TikTok-ты қолданушылар 62 миллион рет жүктеп алған. Ал алғашқы бестікті Signal, Facebook және ​WhatsApp қосымшалары жапты. Құпиялылық саясатына қатысты жанжал WhatsApp көрсеткішіне қатты әсер еткені байқалады. Желтоқсанда WhatsApp iOS және Android үшін жалпы есепте де, жеке рейтингте де үшінші орынға ие болды, ал қарашада Android-тың жалпы есебінде көшбасшы болды. 

WhatsApp құпиялылық саясатын 2021 жылы 6 қаңтарда жаңартып, 8 ақпанда қолданысқа енгізуді жоспарлаған еді. Алайда қолданушылар жағымсыз пікір қалдырып, қосымшаны сынға алғаннан кейін, WhatsApp жаңа ережені 3 айға - 15 мамырға дейін кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін Telegram қаңтарда мессенджерге 100 миллион қолданушы қосылғанын хабарлады. Павел Дуров бұл жағдайды "адамзат тарихындағы ең үлкен сандық көші-қон" деп атады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети