17 сәуір 2015 16:37

Алматы студенттері виртуалды шынайылыққа негізделген жаңа оқыту жүйесін жасап жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@REUTERS @REUTERS

Алматылық студенттер виртуалды шынайылыққа негізделген жаңа оқыту жүйесін жасап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Synergy стартап авторларының бірі Жансерік Кеңес айтып берді.


Алматылық студенттер виртуалды шынайылыққа негізделген жаңа оқыту жүйесін жасап жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Synergy стартап авторларының бірі Жансерік Кеңес айтып берді.

Әзірлеушінің айтуынша, технологияның негізіне Xbox приставкасының Kinect камерасы, Oculus Rift шлемі мен қозғалысты тіркеп отыратын Leap Motion құрылғысы алынған. Студенттердің алдына қойған басты мақсаты - кешен физика, химия, география, астрономия сияқты ғылымдарды оқыту үшін бағдарламалық және құрылғылық бөлімдерді байланыстыру.

Кеңестің айтуынша, виртуалды шынайылықты тәжірибеде пайдалану үшін кеңістікті модельдеу - ең қиын жұмыс. Мысалы, студенттер аспандағы жұлдыздардың бета-нұсқасын жасаған. Әзірлеушінің айтуынша, ол оқушыларға аспандағы денелерді көрнекті түрде көруге мүмкіндік береді немесе олар "жұлдыздарға саяхат" жасап қайта алады. Химия пәнін оқытуда қолымен түртіп көруге болатын атомдардың моделін, молекулалық түрлі байланысты жасауға болады. Кеңестің айтуынша, әлемнің кез келген түкпіріне барып қайтуға болатын виртуалды саяхатты Google, Street View сервистерінің жүйесіне қосуға болады.

Айта кетейік, виртуалды шынайылық - әлем өнеркәсібіндегі жаға нарық. Мыслаы, осыған дейін Oculus Rift нарығында Google Glass түріндегі шешімдер пайда болды. Сонымен қатар, бұл жобамен Apple компаниясы жұмыс істеп жатқаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети