09 қыркүйек 2015 14:49

Apple бүгін жаңа iPhone смартфонын таныстырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple бүгін Астана уақыты бойынша кешкі сағат 23:00-де iPhone 6s смартфонын таныстырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.


Apple бүгін Астана уақыты бойынша кешкі сағат 23:00-де iPhone 6s смартфонын таныстырады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Таныстырылым Сан-Франциско қаласындағы Bill Graham Civic Auditorium ғимаратында өтеді. Айта кетейік, бұл ғимаратта 1977 жылы Стив Джобс пен Стив Возняк Apple ІІ өнімін таныстырған болатын.

Купертинолық компанияның бүгінгі таныстырылатын гаджеттері қатарында смартфондардан бөлек Apple TV телекөрсетілімінің жаңартылған нұсқасы мен 13 дюймді iPad Pro планшеті де бар. Кештің басты аппараттары iPhone 6s пен iPhone 6s Plus болғандықтан, әлемнің беделді БАҚ өкілдері жаңа гаджеттер туралы алдын ала нақты мәлімет беруге тырысып жатыр. Компания басшылары мәліметтерді құпия ұстап отыр. Дегенмен, инсайдерлер жаңа Apple смартфондары iOS 9 операциялық жүйесімен жабдықталып, камера мен экран сапасы жақсартылған деген болжам айтты.

Айта кетейік, америкалық компанияның нарыққа шығып үлгерген iPhone 6 мен iPhone 6 Plus смартфондары соңғы 9 айда компанияға 183 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс әкеліп, рекордтық көрсеткішке жетті. Ал бүгінгі ресми таныстырылымды Apple-дің ресми сайтынан көруге болады.

Айта кетейік, оңтүстіккореялық Samsung компаниясы Apple өнімдеріне бәсекелестік тудыру үшін биыл тамыз айында Galaxy Note 5 пен Galaxy S6 Edge Plus флагманды смартфондарын нарыққа шығарды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети