06 маусым 2017 08:58

Apple компаниясы iMac Pro мен жаңа iPad таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы iMac Pro мен жаңа iPad таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Apple компаниясы iMac Pro мен жаңа iPad таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

iMac Pro құны - 4999 доллар. Бұл құрылғы қарапайым iMac-қа қарағанда қуаты күштірек және өнімділігі артқан, оның тағы бір ерекшелігі Space Gray түсі мен жақсартылған экраны. Сондай-ақ, компьютердің жаңа суыту жүйесі бар, ал өнімділігі 11 терафлопсқа немесе half precision режимінде 22 терафлопсқа жетеді. 

Apple қызметкерлерінің айтуынша, жаңа жұмыс станциясы лезде үйренуге лайықталған, бірден 3D-рендеринг жасауға және VR-графика жасауға қолайлы. 

Жаңа iPad Pro құрылғысының экран айналасындағы жиектері кішірейтілген. Аккумулятор сыйымдылығы үлкейіп, камерасы жоғары сапада ұсынылып отыр. 

 Планшеттің жаңа алтыядролық процессоры бар. Ол iPad-тың өнімділігін осыған дейінгі планшеттерге қарағанда 40 пайызға арттырған. 

Компания Home Pod "ақылды" колонкасын шығарды. HomePod ішінде 7 шағын динамик пен бір үлкен сабвуфер бар. Құрылғыда iPhone-дағы А8 чипі қолданылады. Колонканы Siri арқылы басқаруға болады. 

Apple өкілдерінің айтуынша, HomePod үй көмекшісі де бола алады екен, яғни жаңалықтар оқып береді, үйдегі құрылғыларды басқарып, сұрақтарға жауап бере алады. Жаңа құрылғының құны - 349 доллар. Сатылым 2017 жылдың соңында басталады. HomePod  екі түсте шығады.

Сондай-ақ, Apple операциялық жүйенің tvOS, watchOS, iOS және macOS деген жаңа нұсқаларын шығарды. 

Презентация Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында WWDC-2017 құрастырушылардың конференциясы аясында өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети