1. Басты
  2. Біл
  3. Техно
  4. Гаджеттер

Apple Watch 2 сағатында видеокамера болады19 маусым 2015, 12:34

© Sotovik.ru © Sotovik.ru

Apple Watch 2 сағатына видеочатқа арналған видеокамера орнатылады, - деп хабарлайды 9to5Mac басылымы.

Басылымның хабарлауынша, Applе сағатының бұл нұсқасы смартфонның көмегінсіз Wi-Fi желісіне қосылуға мүмкіндік береді. Қол сағаты арқылы ауа райын біліп, поштаға келген хаттармен танысып, хабарламалар жіберуге болады.

Компания қызметкерлері құрылғының аппараттық бөлігін бірнеше рет сынақтан өткізіп жатыр. Apple Watch 2 "ақылды" сағаты келесі жылдың көктемінде сатылымға шығып қалуы мүмкін. Компания тұтынушыларын ұстап тұру мақсатында биыл күзде watchOS 2.0 сағатын шығармақ.