12 желтоқсан 2014 10:08

Браслет-смартфон нарыққа 2016 жылға дейін шығуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Cicret App & Bracelet ©Cicret App & Bracelet

Таяу уақытта адамның қолын мәліметтерді көрсетуге арналған сенсорлы панельге айналдыратын Cicret деп аталатын браслет-смартфон нарыққа шығуы мүмкін, - деп хабарлайды 3dnews.ru.


Таяу уақытта адамның қолын мәліметтерді көрсетуге арналған сенсорлы панельге айналдыратын Cicret деп аталатын браслет-смартфон нарыққа шығуы мүмкін, - деп хабарлайды 3dnews.ru.

Құрылғы Jawbone Up фитнес-трекеріне ұқсайды. Браслет-смартфонға пикопроектор, сегіз бірдей жақындату тетігі бар массив, акселерометр, вибромодуль, Wi-Fi және Bluetooth сымсыз байланыс адаптері қондырылған. Мұнымен қатар, сыйымдылығы 16 немесе 32 Гбайт флеш-жинақтаушы, Micro-USB порты және статус индикациясына арналған жарық диодтары қарастырылыпты.

Портал Cicret смартфонының білекте экранда үлкейтіп көрсететін Android жүйесі болатынын жазады. Құрылғыны қосып, өшіру үшін қолды сілкіп қалу жеткілікті. Жақындатып көрсететін тетіктер саусақтың қозғалысымен басқарылып, сенсорлы дисплей секілді қолдануға мүмкіндік береді.

Мұндай браслет хабарлама мен электронды хаттарды жіберіп, қабылдауға, Интернетте жұмыс істеуге, ойынды қосуға арналған. Оны дыбыс арқылы телефон қабылдау үшін әдеткі смартфонмен қатар қолдануға болады.

Құрастырушы бұл нұсқаны түрлі түстерде және ылғалдан қорғайтын корпуспен шығаруды жоспарлап отыр. Браслет-смартфонның құны 400 АҚШ доллары болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети